Шешімдердің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 қыркүйек 2023 ж.

    Шешімдердің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабынының 8-тармағына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Жарма аудандық мәслихатының «Жарма аудандық мәслихатының «Жарма ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы» 2019 жылғы 18 қарашадағы № 40/326-VI шешімнің күші жойылды деп тану туралы» 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 5/89-VIІІ шешімінің және «Шешімдердің күші жойылды деп тану туралы» 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 5/90-VIІІ шешімінің күштері жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Жарма аудандық мәслихатының төрағасы

    М. Оспанбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.