Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық округтерінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын анықтау туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 наурыз 2025 ж.

    Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық округтерінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын анықтау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық округтерінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы бекітілсін.

    2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық округтерінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының төрағасы

    ________ Е. Жәкенов

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Аққайың ауданы мәслихатының

    2023 жылғы 22 қыркүйектегі

    № 8-2 шешімімен

    бекітілді

    Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық округтерінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

    1 тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және ауылдық округі тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

    2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауылдық округі тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

    2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

    2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

    3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

    4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

    5. Ауылдық округтің әкімі ауыл, көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

    Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

    6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

    7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

    Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

    Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

    8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

    Ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

    Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

    9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

    10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

    Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

    11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

    Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

    1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

    2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

    3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

    4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

    5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Аққайың ауданы мәслихатының

    2023 жылғы 22 қыркүйектегі

    № 8-2 шешіміне

    қосымша

    Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық округтерінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

    р/с
    Ауыл­дар­дың, кө­ше­лер­дің ата­у­ла­ры
    Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Ақ­қай­ың ауда­ны ауыл­дық округ­те­рін­де ауыл және кө­ше тұр­ғын­да­ры өкіл­де­рі­нің са­ны (адам)
    Ара­ла­ғаш ауыл­дық окру­гі
    1
    Ара­ла­ғаш ауы­лы
    3
    2
    Аман­гел­ді ауы­лы
    2
    3
    Руб­лев­ка ауы­лы
    3
    Аст­ра­хан­ка ауыл­дық окру­гі
    4
    Аст­ра­хан­ка ауы­лы
    3
    5
    Қа­ра­то­мар ауы­лы
    3
    Вла­сов­ка ауыл­дық окру­гі
    6
    Вла­сов­ка ауы­лы
    3
    7
    Без­лес­ное ауы­лы
    1
    Гри­го­рьев­ка ауыл­дық окру­гі
    8
    Гри­го­рьев­ка ауы­лы
    1
    9
    Кен­же­ға­лы ауы­лы
    2
    10
    Көк­те­рек ауы­лы
    2
    11
    Тру­до­вое ауы­лы
    3
    Ива­нов­ка ауыл­дық окру­гі
    12
    Ива­нов­ка ауы­лы
    3
    Қи­я­лы ауыл­дық окру­гі
    13
    Ба­ры­куль ауы­лы
    3
    14
    Куч­ков­ка ауы­лы
    3
    15
    Қи­я­лы ауы­лы
    3
    Лес­ной ауыл­дық окру­гі
    16
    Дай­ын­дық ауы­лы
    3
    17
    Ле­нин­ское ауы­лы
    3
    Пол­тав­ка ауыл­дық окру­гі
    18
    Бор­ки ауы­лы
    1
    19
    Пол­тав­ка ауы­лы
    3
    Смир­но­во ауыл­дық окру­гі
    20
    Абай кө­ше­сі
    3
    21
    Аман­гел­ді кө­ше­сі
    3
    22
    Га­га­рин кө­ше­сі
    3
    23
    Горь­кий кө­ше­сі
    3
    24
    До­рож­ный кө­ше­сі
    3
    25
    Кар­бы­шев кө­ше­сі
    1
    26
    Алек­сей Щер­ба­ков кө­ше­сі
    3
    27
    Ли­ней­ный кө­ше­сі
    3
    28
    Лер­мон­тов кө­ше­сі
    3
    29
    Мир кө­ше­сі
    3
    30
    Мо­ло­деж­ная кө­ше­сі
    3
    31
    Жам­был кө­ше­сі
    3
    32
    9 Ма­мыр кө­ше­сі
    3
    33
    25 лет Це­ли­ны кө­ше­сі
    3
    34
    Жұ­ма­ба­ев кө­ше­сі
    3
    35
    Жел­тоқ­сан кө­ше­сі
    3
    36
    За­вод­ской кө­ше­сі
    2
    37
    Има­ков кө­ше­сі
    3
    38
    Мән­шүк Мәме­то­ва кө­ше­сі
    2
    39
    На­род­ный кө­ше­сі
    3
    40
    Жұ­ма­бек Тә­ше­нов кө­ше­сі
    3
    41
    Олег Ко­ше­вой кө­ше­сі
    2
    42
    Клоч­ков кө­ше­сі
    2
    43
    Кар­дон кө­ше­сі
    2
    44
    Абы­лай хан кө­ше­сі
    1
    45
    Пар­ти­зан­ский кө­ше­сі
    2
    46
    Пуш­кин кө­ше­сі
    3
    47
    Па­па­нин кө­ше­сі
    3
    48
    Әлия Мол­да­ғұ­ло­ва кө­ше­сі
    2
    49
    Пан­фи­лов кө­ше­сі
    3
    50
    П. Фи­лип­пен­ко кө­ше­сі
    2
    51
    Пер­во­май­ский кө­ше­сі
    2
    52
    Ра­бо­чий кө­ше­сі
    2
    53
    Се­вер­ный кө­ше­сі
    3
    54
    Су­во­ров кө­ше­сі
    3
    55
    Сыр­ға­бе­ков кө­ше­сі
    2
    56
    Сей­фул­лин кө­ше­сі
    2
    57
    Сә­бит Мұ­қа­нов кө­ше­сі
    2
    58
    На­деж­да Круп­ская кө­ше­сі
    2
    59
    Қай­сар Та­ш­ти­тов кө­ше­сі
    1
    60
    Са­виц­кая кө­ше­сі
    1
    61
    Ген­на­дий Зен­чен­ко кө­ше­сі
    3
    62
    Ти­тов кө­ше­сі
    3
    63
    Та­ши­то­ва кө­ше­сі
    1
    64
    Школь­ная кө­ше­сі
    3
    65
    Эле­ва­тор­ная кө­ше­сі
    2
    66
    Юж­ный кө­ше­сі
    2
    67
    Те­реш­ко­ва кө­ше­сі
    1
    68
    Чка­лов кө­ше­сі
    1
    69
    Ға­бит Мү­сре­пов кө­ше­сі
    1
    70
    Учхоз кө­ше­сі
    1
    71
    Ост­ров­ский кө­ше­сі
    1
    72
    Га­стел­ло кө­ше­сі
    1
    73
    Жа­ңа тұр­мыс кө­ше­сі
    1
    74
    Ша­хов­ский кө­ше­сі
    1
    75
    Қа­удан­ды кө­ше­сі
    1
    76
    Бо­за­рал кө­ше­сі
    1
    77
    Жа­ңа­жол кө­ше­сі
    1
    78
    Боль­нич­ный го­ро­док тұй­ық кө­ше­сі
    1
    Тоқ­шын ауыл­дық окру­гі
    79
    Ка­мыш­ло­во ауы­лы
    2
    80
    Тоқ­шын ауы­лы
    3
    81
    Тю­мен­ка ауы­лы
    2
    Чер­кас­ское ауыл­дық окру­гі
    82
    Чер­кас­ское ауы­лы
    3
    83
    Доб­ро­воль­ское ауы­лы
    3
    84
    Но­во­рос­сий­ское ауы­лы
    1
    Ша­ға­ла­лы ауыл­дық окру­гі
    86
    Степ­ное ауы­лы
    2
    86
    Ша­ға­ла­лы ауы­лы
    3
    87
    Юж­ное ауы­лы
    1

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.