Арыс қалалық мәслихатының 2022 жылғы 10 ақпандағы «Арыс қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 шілдедегі № 31/182-V «Арыс қаласында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 20/94-VII шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Арыс қалалық мәслихатының 2022 жылғы 10 ақпандағы «Арыс қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 шілдедегі №31/182-V «Арыс қаласында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №20/94-VII шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы
Қ.Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.