Сауран ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 05 желтоқсандағы № 385 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодекстің 107 - бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37- бабтарына, Қазақстан Республикасы « Құқықтық актілер туралы » Заңының 65 - бабына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сауран ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы Сауран ауданы әкімдігінің № 385 қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Жанғазиевке жүктелсін.
3. Қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сауран ауданының әкімі
Ғ.Үсенбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.