Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 40-262/V «Сайрам ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сайрам аудандық мәслихатының «Сайрам ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №40-262/V (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3004 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
Ш. Халмурадов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.