«Жалағаш ауданының кент және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 мамырдағы №23-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Жалағаш ауданының кент және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 мамырдағы №23-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6297 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
6-тармақта:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;»;
оныншы абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының төрағасы
У.Елеусинов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.