«Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қыркүйек 2023 ж.

    «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

    «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдар өкілдерінің құрамында:

    «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі»;

    «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Ә. Смайылов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.