Қостанай қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 желтоқсан 2024 ж.

    Қостанай қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы

    «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-2 - бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қостанай қаласының әкімі

    М. Жундубаев

    Қостанай қаласы әкімдігінің

    2023 жылғы 22 қыркүйектегі

    № 1918 қаулысына

    қосымша

    Қостанай қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі

    1. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, «Ет комбинат» аялдамасының жанындағы жарнама тақта;

    2. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, «Арман» аялдамасының жанындағы жарнама тақта;

    3. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 21, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай қаласының № 3 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жанындағы тұғырлық;

    4. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, «Пождепо» аялдамасының жанындағы жарнама тақта;

    5. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 31/1, «Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті» аялдамасының жанындағы тұғырлық;

    6. Қостанай қаласы, Ғ.Қайырбеков көшесі, «1-шы шағын аудан» аялдамасының жанындағы жарнама тақта;

    7. Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, «ЦОН» аялдамасының жанындағы жарнама тақта;

    8. Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, ««Драмтеатр»» аялдамасының жанындағы жарнама тақта;

    9. Қостанай қаласы, С.Баймағамбетов көшесі, ««Драмтеатр»» аялдамасының жанындағы жарнама тақта;

    10. Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, «Медколледж» аялдамасының жанындағы жарнама тақта;

    11. Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, «Гоголь» аялдамасының жанындағы жарнама тақта;

    12. Қостанай қаласы, Абай даңғылы, «Емхана» аялдамасының жанындағы жарнама тақта;

    13. Қостанай қаласы, Абай даңғылы, «Емшан» сауда орталығы аялдамасының жанындағы жарнама тақта;

    14. Қостанай қаласы, Абай даңғылы, «Индустриалдық колледж» аялдамасының жанындағы жарнама тақта;

    15. Қостанай қаласы, Абай даңғылы, «2-ші көтеріліс» аялдамасының жанындағы жарнама тақта;

    16. Қостанай қаласы, С.Баймағамбетов көшесі, 191, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жанындағы тұғырлық;

    17. Қостанай қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, 124, «Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Владимир Матвиенко атындағы олимпиадалық резерв балалар-жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.