Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Павлодар - Қалбатау ақылы негізде пайдалану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 қаңтар 2025 ж.

    Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Павлодар - Қалбатау ақылы негізде пайдалану туралы

    «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Мыналар:

    1) I-б, ІІ санаттағы Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға) – Майқапшағай (Қытай Халық Республикасына) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Павлодар – Семей – Қалбатау 427+000 – 906+000 километр (бұдан әрі - км) учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны;

    2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: «Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі» республикалық маңызы бар автомобиль жолы, «Ленин – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов» республикалық маңызы бар автомобиль жолы, «Семей – Курчатов» облыстық маңызы бар автомобиль жолы, «Өскемен – Таврия – Семей» республикалық маңызы бар автомобиль жолы, «Алматы – Өскемен» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Өскемен – Қалбатау» учаскесі;

    3) Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті-427+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті-906+000 км;

    4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1- қосымшаға сәйкес;

    5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – I-б, ІІ санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

    автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр;

    автомобиль жолындағы қозғалыс жолақтарының саны - екі бағытта 2 және 1 белдеу;

    6) Ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы-456 километр 200 метр;

    7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны;

    8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

    9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.

    2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының көлік министрі

    М. Карабаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    көлік министрі

    2023 жылғы 21 қыркүйектегі

    № 9 Бұйрығына

    1-қосымша

    Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі

    Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр
    Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы
    434 км
    Долгое ауылы
    431 км
    Заря ауылы
    428 км
    Бірлік ауылы
    460 км
    Новоямышево ауылы
    464 км
    Ямышево ауылы
    479 км
    Тілектес ауылы
    486 км
    Қызылқоғам ауылы
    491 км
    Черное ауылы
    497 км
    Шәмші ауылы
    500 км
    Шабар ауылы
    513 км
    Жаңатаң ауылы
    517 км
    Жамбыл ауылы
    524 км
    Аққулы ауылы
    562 км
    Шарбақты ауылы

    Қазақстан Республикасы

    Көлік министрінің

    2023 жылғы 21 қыркүйектегі

    № 9 бұйрығына

    2-қосымша

    Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері

    I-б, II санаттағы Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға) – Майқапшағай (Қытай Халық Республикасына) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының автомобиль жолының Павлодар – Семей - Қалбатау 427+000 километр (бұдан әрі-км) – 906+000 км учаскесі:

    Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК):

    № Р/с
    Ай­мақ­тар
    16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 тон­на­ға (бұ­дан әрі – тн) дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі
    32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тн дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі
    32 орын­нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн дей­ін ав­то­по­ез­дар
    Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн жо­ға­ры 15 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі
    Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тн жо­ға­ры жүк ав­то­кө­лік­тер, оның ішін­де тір­ке­ме­ле­рі бар, ер­шік­ті тарт­қы­штар
    Кей­ін­гі тө­лем
    Ал­дын ала тө­лем
    Кей­ін­гі тө­лем
    Ал­дын ала тө­лем
    Кей­ін­гі тө­лем
    Ал­дын ала тө­лем
    Кей­ін­гі тө­лем
    Ал­дын ала тө­лем
    Кей­ін­гі тө­лем
    Ал­дын ала тө­лем
    1
    427+000 км - 434+500 км (7 км 500 метр)
    0,0139
    0,0118
    0,0281
    0,0239
    0,0419
    0,0357
    0,0561
    0,0477
    0,0700
    0,0595
    2
    434+500 км – 461+980 км (27 км 480 метр)
    0,0509
    0,0432
    0,1028
    0,0875
    0,1537
    0,1307
    0,2056
    0,1747
    0,2565
    0,2180
    3
    461+980 км - 525+700 км (63 км 720 метр)
    0,1180
    0,1003
    0,2383
    0,2028
    0,3564
    0,3030
    0,4767
    0,4052
    0,5947
    0,5054
    4
    525+700 км - 597+880 км (72 км 180 метр)
    0,1337
    0,1136
    0,2700
    0,2297
    0,4037
    0,3433
    0,5400
    0,4590
    0,6737
    0,5725
    5
    597+880 км - 652+645 км (54 км 765 метр)
    0,1014
    0,0862
    0,2048
    0,1743
    0,3063
    0,2604
    0,4097
    0,3482
    0,5111
    0,4344
    6
    652+645 км - 690+119 км (37 км 474 метр)
    0,0694
    0,0590
    0,1402
    0,1193
    0,2096
    0,1782
    0,2803
    0,2383
    0,3498
    0,2972
    7
    690+119 км – 728-200 км (38 км 081 метр)
    0,0705
    0,0599
    0,1424
    0,1212
    0,2130
    0,1811
    0,2849
    0,2421
    0,3554
    0,3021
    8
    728+200 км – 733-200 км (5 км)
    0,0093
    0,0079
    0,0187
    0,0159
    0,0280
    0,0238
    0,0374
    0,0318
    0,0467
    0,0397
    9
    756+000 км – 764+062 км (8 км 062 метр)
    0,0149
    0,0127
    0,0302
    0,0257
    0,0451
    0,0383
    0,0603
    0,0513
    0,0752
    0,0639
    10
    764+062 км – 806+740 км (42 км 678 метр)
    0,0791
    0,0671
    0,1596
    0,1358
    0,2387
    0,2030
    0,3193
    0,2714
    0,3983
    0,3385
    11
    806+740 км - 858+400 км (51 км 660 метр)
    0,0957
    0,0813
    0,1932
    0,1644
    0,2889
    0,2457
    0,3865
    0,3285
    0,4822
    0,4098
    12
    858+400 км - 873+400 км (15 км)
    0,0278
    0,0236
    0,0561
    0,0477
    0,0839
    0,0713
    0,1122
    0,0954
    0,1400
    0,1190
    13
    873+400 км - 906+000 км (32 км 600 метр)
    0,0604
    0,0513
    0,1219
    0,1037
    0,1823
    0,1550
    0,2439
    0,2073
    0,3043
    0,2586
    Бір ба­ғыт­та­ғы бар­лық марш­рут бой­ын­ша жиы­ны (456 км 200 метр)
    0,8451
    0,7178
    1,7064
    1,4518
    2,5515
    2,1696
    3,4128
    2,9009
    4,2579
    3,6186
    Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:
    бір айға (күнтізбелік 30 күн):
    Кө­лік тү­рі
    16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 тон­на­ға (бұ­дан әрі - тн) дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
    32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тн дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
    32 орын­нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн дей­ін ав­то­по­ез­дар үшін
    Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн жо­ға­ры 15 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
    Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тн жо­ға­ры жүк ав­то­кө­лік­те­рі оның ішін­де тір­кел­гіш және ер­шік­ті тарт­қы­штар үшін
    1
    3
    4
    5
    6
    7
    Або­нент­тік төлем­нің құ­ны
    1 АЕК
    2 АЕК
    3 АЕК
    4 АЕК
    5 АЕК
    бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
    Кө­лік тү­рі
    16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 тон­на­ға (бұ­дан әрі - тн) дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
    32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тн дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
    32 орын­нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн дей­ін ав­то­по­ез­дар үшін
    Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн жо­ға­ры 15 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
    Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тн жо­ға­ры жүк ав­то­кө­лік­те­рі оның ішін­де тір­кел­гіш және ер­шік­ті тарт­қы­штар үшін
    1
    3
    4
    5
    6
    7
    Або­нент­тік төлем­нің құ­ны
    12 АЕК
    24 АЕК
    36 АЕК
    48 АЕК
    60 АЕК
    Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
    АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
    км - километр;
    т - тонна.

    Қазақстан Республикасының

    көлік министрі

    2023 жылғы 21 қыркүйектегі

    № 9 Бұйрығына

    3-қосымша

    Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі

    № п\п
    Елді мекеннің атауы
    1
    Долгое ауылы
    2
    Заря ауылы
    3
    Бірлік ауылы
    4
    Новоямышево ауылы
    5
    Ямышево ауылы
    6
    Тілектес ауылы
    7
    Қызылқоғам ауылы
    8
    Черное ауылы
    9
    Шәмші ауылы
    10
    Шабар ауылы
    11
    Жаңатаң ауылы
    12
    Жамбыл ауылы
    13
    Аққулы ауылы
    14
    Шарбақты ауылы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.