«Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 566-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 қыркүйек 2023 ж.

    «Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 566-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 566-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24864 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі

    А. Шаккалиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Сауда және интеграция

    Бірінші вице-министрі

    2023 жылғы 21 қыркүйектегі

    № 347-НҚ бұйрығына

    қосымша

    Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі

    Объ­ек­ті­сі мен қол­да­ны­лу са­ла­сы көр­се­ті­л­ген өл­шем­дер ата­уы
    Мет­ро­ло­ги­я­лық та­лап­тар
    Ес­керт­пе
    Өл­шеу диа­па­зо­ны
    Шек­ті жол бе­рі­ле­тін қа­те­лік неме­се дәл­дік сы­ны­бы
    1
    2
    3
    4
    5
    Өл­шем бір­лі­гін қам­та­ма­сыз ету және мем­ле­кет­тік мет­ро­ло­ги­я­лық ба­қы­лау са­ла­сын­да
    1
    Мем­ле­кет­тік Ту­дың гео­мет­ри­я­лық өл­шем­де­рін өл­шеу
    0-ден 500 мм дей­ін
    0-ден 2000 мм дей­ін
    0-ден 4000 мм дей­ін
    МЕМСТ 7502 "Ме­талл өл­ше­уіш ру­лет­ка. Тех­ни­ка­лық шар­ттар" бой­ын­ша 2 дәл­дік сы­ны­бы
    2
    Мем­ле­кет­тік Ел­таң­ба­ның гео­мет­ри­я­лық өл­шем­де­рін өл­шеу
    0-ден 1000 мм дей­ін
    0-ден 3000 мм дей­ін
    МЕМСТ 7502 "Ме­талл өл­ше­уіш ру­лет­ка. Тех­ни­ка­лық шар­ттар" бой­ын­ша 2 дәл­дік сы­ны­бы
    3
    Мем­ле­кет­тік Ел­таң­ба мен Мем­ле­кет­тік Ту үл­гі­ле­рі­нің және Мем­ле­кет­тік Ел­таң­ба мен Мем­ле­кет­тік Ту бей­не­лен­ген ма­те­ри­ал­дық объ­ек­ті­лер­дің неме­се оның рәм­із­де­рі эле­мент­те­рі­нің тү­сті­лі­гін өл­шеу
    Шек­те­у­сіз
    Түс ко­ор­ди­нат­та­рын өл­ше­удің аб­со­лют­ті қа­те­лі­гі ± 2;
    түс ко­ор­ди­нат­та­ры ± 0,02
    4
    Орау, са­ту және им­порт­тау ке­зін­де­гі кез кел­ген түр­де­гі қап­та­ма­да өл­шен­ген та­у­ар­лар­дың мас­са­сын өл­шеу
    Шек­те­у­сіз
    Өл­шеу құ­рал­да­ры­ның дәл­дік сы­ны­бы мен тү­ріне бай­ла­ны­сты
    5
    Орау, са­ту және им­порт­тау ке­зін­де­гі кез кел­ген түр­де­гі қап­та­ма­да өл­шен­ген та­у­ар­лар­дың тем­пе­ра­ту­ра­сын өл­шеу
    Ми­нус 50 °С-ден 50 °С дей­ін
    ∆ = ± 0,2 °С
    6
    Орау, са­ту және им­порт­тау ке­зін­де­гі кез кел­ген түр­де­гі қап­та­ма­да өл­шен­ген та­у­ар­лар­дың кө­ле­мін өл­шеу
    Шек­те­у­сіз
    σ = ± 0,1 %
    7
    Орау, са­ту және им­порт­тау ке­зін­де­гі кез кел­ген түр­де­гі қап­та­ма­да өл­шен­ген та­у­ар­лар­дың ылғал­ды­лы­ғын өл­шеу
    20-дан 90 % дей­ін,
    σ = ± 0,5 %
    8
    Мас­са неме­се кө­лем бір­лік­те­рі­мен көр­се­ті­л­ген кез кел­ген түр­де­гі қап­та­ма­да өл­шен­ген өнім­дер­дің мөл­ше­рін өл­шеу
    0-ден 15000 г (мл) дей­ін,
    Мас­са­ны неме­се кө­лем­ді өл­ше­у­ге ар­нал­ған құ­рал­дар­дың мет­ро­ло­ги­я­лық та­лап­та­ры­на сәй­кес
    Са­уда са­ла­сын­да
    9
    Өн­ді­рі­л­ген және іс­ке асы­ры­ла­тын өнім­нің гео­мет­ри­я­лық па­ра­метр­ле­рін өл­шеу, олар­дың нәти­же­ле­рі са­тып алушы мен са­ту­шы ара­сын­да­ғы са­уда-ком­мер­ци­я­лық опе­ра­ци­я­лар­да қол­да­ны­ла­ды
    0-ден 50000 мм дей­ін
    ∆ = ± (0,5 ÷ 1,5) мм
    5000 мм жо­ға­ры
    σ = ± 2 %
    10
    Са­уда-ком­мер­ци­я­лық опе­ра­ци­я­лар ке­зін­де қол­да­ны­ла­тын та­у­ар/өнім­нің сал­ма­ғын өл­шеу
    Шек­те­у­сіз
    «Өл­шем бір­лі­гін қам­та­ма­сыз ету­дің мем­лек­кет­тік жүй­е­сі.Та­ра­зы ав­то­мат­ты әре­кет емес» МЕМСТ OIML R 76-1 бой­ын­ша III дәл­дік сы­ны­бы
    Ауы­л­ша­ру­а­шы­лық жәр­мең­ке­лер­де қа­ты­са­тын та­у­ар­лар­ды/өнім­дер­ді есеп­ке ал­ма­ған­да
    Ескертпе. Негізгі қолданылатын қысқартулар:
    мм – миллиметр;
    г – грамм;
    мл – миллилитр;
    0С – градус

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.