«Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 365 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 қыркүйек 2023 ж.

    «Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 365 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 365 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17003 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 188-бабының 6-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы

    А. Бейспеков

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Өнеркәсіп және құрылыс

    министрінің міндетін атқарушы

    2023 жылғы 14 қыркүйектегі

    № 6 бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және

    даму министрінің

    2018 жылғы 23 мамырдағы

    № 365 бұйрығымен

    бекітілген

    Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 188-бабының 6-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдаң әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді беру және оларды қарау тәртібін айқындайды.

    2. «Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

    3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

    4. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасымен айқындалатын аумақтар бойынша беріледі. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын Кодекстің 60-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітеді.

    5. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге арналған өтініште көрсетілген аумақ екі жүз блоктан аспауы тиіс.

    6. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны:

    1) Кодекстің 25-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда;

    2) көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін басқа тұлғаның пайдалануындағы, оның ішінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік теліммен не Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін оның келісімінсіз өткізілген тікелей келіссөздердің нәтижелері бойынша немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша қол қойылған, көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты жасасу туралы қолданыстағы хаттамада айқындалған жер қойнауы учаскесі аумағының шегінде толық орналасқан блокқа қатысты;

    3) жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскесі аумағының, оның ішінде барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік теліммен айқындалған келісімшарттық аумақ , сондай-ақ оған қатысты Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілген тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс қорытындылары бойынша келісімшарт жасасу туралы хаттама қолданылатын аумақ шегінде толық орналасқан блокқа қатысты;

    4) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған басқа лицензия бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлау учаскесінің аумағына, оның ішінде пайдалы қатты қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа геологиялық бөлуде айқындалған келісімшарттық аумаққа, сондай-ақ оған қатысты Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілген тікелей келіссөздердің нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға келісімшарт жасасу туралы хаттама қолданылатын пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау жөніндегі келісімшартқа геологиялық бөлуде айқындалған аумаққа толық немесе ішінара жататын блокқа қатысты;

    5) пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесі аумағының немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруге өтініш берілген аумақтың, оның ішінде пайдалы қатты қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшартқа тау-кендік теліммен айқындалған келісімшарттық аумақ, сондай-ақ оған қатысты Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілген тікелей келіссөздердің нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге келісімшарт жасасу туралы хаттама қолданылатын аумақ шегінде толық орналасқан блокқа қатысты;

    6) пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру салдарларын жою жүргізілетін аумақ шегінде толық орналасқан блокқа қатысты;

    7) уран өндіру учаскесі аумағының шегінде толық орналасқан блокқа қатысты беруге жол берілмейді.

    7. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия толық блоктардан басқа мынадай толық емес (ішінара) блоктарға да:

    1) жақтары толық;

    жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген, оның ішінде барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік теліммен не Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілген тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс қорытындылары бойынша келісімшарт жасасу туралы қолданыстағы хаттамамен айқындалған жер қойнауы учаскесінің аумағын;

    жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген, оның ішінде барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік теліммен не Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілген тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс қорытындылары бойынша қол қойылған, қолданыстағы барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған хаттамамен айқындалған жер қойнауы учаскесінің аумағын;

    пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесінің аумағы немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруге арналған өтініші бар, оның ішінде пайдалы қатты қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшартқа тау-кендік теліммен не Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілген тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша қол қойылған пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты жасасу туралы қолданыстағы хаттамамен айқындалған, пайдалы қатты қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлау учаскесінің аумағын;

    пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру салдарларын жою жүргізілетін аумақты;

    уран өндіру учаскесінің аумағын қамтитын блокқа;

    2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген аумақтарда (аумақта) ішінара орналасқан блоктың басқа толық емес (ішінара) немесе толық блокпен ең болмағанда бір ортақ жағы болған және осындай ортақ жағы көрсетілген аумақтарда орналаспаған жағдайда, осындай блоккқа;

    3) Кодекстің 25-бабының 1-тармағында көрсетілген аумақтарға ішінара жатқызылатын блокқа қатысты беріледі.

    Барлауға арналған лицензияға көмірсутектерді немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесінің ішінара аумағына шығатын блокты енгізуге осы учаскелер бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

    Барлау учаскесінің аумағы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген аумақтардың шекаралары бойынша, оның ішінде толық емес (ішінара) блоктардан қалыптастырылды деп есептеледі. Барлауға арналған лицензияға енгізілген толық емес (ішінара) блокты қалыптастыру үшін негіз болған мән-жайлар тоқтатылған кезде барлау учаскесі аумағының шекараларын айқындау мақсатында осы блок толық деп танылады..

    Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген қағида Кодекстің 25-бабының 1-тармағында көрсетілген аумақтарға ішінара жатқызылатын және барлау учаскесінің аумағына енгізілген блоктарға қолданылмайды. Осындай блоктар шегінде бұл блоктар Кодекстің 25-бабының 1-тармағында көзделген аумақтар мен объектілерді қозғайтын бөлікте жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салу қолданылады.

    2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

    8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін «Minerals.gov.kz» жер қойнауын пайдаланушылардың бырыңғай платформасы (бұдан әрі - ЖҚПБП) арқылы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес «Пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензияны беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген, көзделген құжаттармен бірге пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру туралы өтініш береді.

    Көрсетілетін қызметті берушінің жер қойнауы мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілетін және Кодекстің 278-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген аумақтарға жатпайтын аумақтар шегінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру туралы өтініштерді қабылдаудың басталу күні Кодекстің 60-бабының 1) тармақшасына сәйкес бекітілетін жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында көзделген күн болып табылады, бірақ жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы бекітілген немесе оған тиісті өзгерістер енгізілген күннен бастап екі айдан ерте емес.

    Егер өтініште көрсетілген барлау аумағы осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларда блоктың бір бөлігін қамтыса, өтінішті қарау кезінде лицензия шарттарын айқындау мақсаттары үшін көрсетілген блок толық болып есептеледі..

    Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариаттық куәландыруға жатады.

    Өтініш қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Өтінішке қоса берілетін, шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері қазақ және орыс тілдеріне аударылып ұсынылады, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.

    9. Өтінішті беру сәті өтініштің «Minerals.gov.kz» ЖҚПБП арқылы көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен күні мен уақыты болып танылады және есепке алуға жатады.

    10. Өтініштер «Minerals.gov.kz» ЖҚПБП-да бірегей есептік нөмірді, тіркеу күні мен уақытын (сағатын, минутын) көрсете отырып тіркеледі.

    Әрбір өтініш жеке тіркеледі.

    11. Берілген өтініш туралы мәліметтер жауапты қызметкермен өтініш берілген күннен бастап екі күн ішінде құзыретті органның интернет-ресурсында және «Minerals.gov.kz» ЖҚПБП-да орналастырылуға тиіс және мыналарды қамтиды:

    1) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

    заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің атауы;

    2) өтініш беруші пайдалы қатты қазбаларды барлау үшін пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауы учаскесін айқындайтын блоктың (блоктардың) коды не аумақтың координаттары;

    3) өтініштің келіп түскен күні мен уақыты.

    Көрсетілетін қызметті беруші Интернет-ресурста және «Minerals.gov.kz» ЖҚПБП-да орналастырылған мәліметтерді өтініштерді қарау нәтижелері бойынша лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы белгімен толықтырады.

    12. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және осы Қағидалардың қосымшаның 9-тармағында көзделген пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беруден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде, сондай-ақ осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарының ережелерін ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушыға Кодекстің 198-бабында көзделген қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

    13. Хабарлама өтініш берушіге жіберілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында және «Minerals.gov.kz» ЖҚПБП-да орналастырылады.

    14. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді өтініш беруші көрсетілетін қызметті берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап қырық жұмыс күнінен кешіктірмей «Minerals.gov.kz» ЖҚПБП арқылы береді.

    Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын тиісінше қамтамасыз ету ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей береді не хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында және «Minerals.gov.kz» ЖҚПБП-да орналастырған күннен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күні өткен соң оны беруден бас тартады.

    15. Егер өтініште көрсетілген аумаққа осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген блок немесе мәлімделген аумақтың басқа блогымен ортақ жағы жоқ блок жатса, мұндай блок лицензияға енгізілмейді, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны «Minerals.gov.kz» ЖҚПБП арқылы хабардар етеді. Хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оған ұсынылатын блоктардың барлығынан немесе бөліктерінен бас тартады. Егер көрсетілген мерзім өткен соң көрсетілетін қызметті алушы барлық блоктардан бас тартпаса немесе блоктардың бір бөлігінен бас тартпаса, өтініш мәні бойынша осы тармақтың ережелерін ескере отырып қаралады.

    Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес жіберілетін хабарламада мәлімделген аумақтың Кодекс талаптарына анықталған сәйкессіздіктері туралы көрсетіледі.

    Егер өтініште көрсетілген қандай да бір толық емес (ішінара) блок немесе толық емес (ішінара) блоктар осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келмесе, осы блок (блоктар) Кодекстің 188-бабы бірінші бөлігінің қағидалары бойынша лицензияға енгізілмейді.

    16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген жағдайда, өтініш лицензияға енгізілуге жатпайтын блоктарды және өтініш беруші бас тартқан блоктарды қоспағанда, өтініште көрсетілген блоктарға қатысты қаралады.

    17. Егер 15 және 16-тармақтардың ережелерін қолдану нәтижесінде блоктар Кодекстің 19-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін бөлек жер қойнауы учаскелерін пайдалануға беруге жататын екі және одан да көп жер қойнауын қалыптастырса, көрсетілетін қызметті беруші осындай жер қойнауы учаскелерінің әрқайсысына жеке лицензиялар береді. Бұл жағдайда лицензия беру үшін қосымша алым алынбайды.

    Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген блоктардың кез келгенімен ортақ жағы жоқ блоктарды лицензия беруге арналған өтінішті қарау кезінде көрсетілетін қызметті беруші назарға алмайды.

    18. Егер лицензия беруге арналған өтініште көрсетілген блок толық болмаса, мұндай толық емес блок Кодекстің 27-тарауының ережелеріне қайшы келмеген жағдайда берілетін лицензияға енгізілуге жатады.

    Егер пайдалы қатты қазбаларды барлауға берілген лицензия толық емес (ішінара) блокты қамтыса, блоктар санын есептеу мақсатында бұл блок толық қаралады.

    19. Сол бір блокты қамтитын пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензиялар беруге арналған өтініштерді көрсетілетін қызметті беруші олардың түсу кезектілігі тәртібімен қарайды.

    20. Қабылдау басталған күннен бастап бір ай ішінде келіп түскен, жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілетін аумақтар шегінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензиялар беруге арналған өтініштер осы Қағидалардың 12,13,14,15,16,17-тармақтарында көзделген ережелер ескерілмей қаралады және бірдей басымдыққа ие болып есептеледі.

    Сәйкес келетін блоктар болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 12, 13, 14-тармақтарына сәйкес Кодекстің 198-бабында көзделген пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабарламаны жібереді.

    Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын тиісінше қамтамасыз ету ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей береді не хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында және «Minerals.gov.kz» ЖҚПБП-да орналастырылған күннен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күні өткен соң оны беруден бас тартады.

    Егер осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген мерзім ішінде келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесінде лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданбаған сол бір блок (блоктар) бірнеше өтініштерге енгізілгені анықталса, осы блок (блоктар) бойынша көрсетілетін қызметті алушылар арасында Кодекстің 278-бабы 6-тармағының екінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші айқындайтын тәртіп пен мерзімде аукцион өткізіледі.

    21. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей бірден астам өтініш берілген блоктарды айқындайды және тиісті көрсетілетін қызметті алушыларға сәйкес келетін блоктар туралы хабарлама жібереді.

    Өтініш берушіге сәйкес келетін блоктар туралы хабарламаны және аукционға қатысуға шақыруды көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өзінің лицензияға берген өтінішінде көрсетілген электрондық мекенжайына жібереді. Көрсетілген хабарламада аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланатын тізілімнің веб-порталы туралы нақты мәліметтер, басымдығы аукцион қорытындылары бойынша айқындалуға жататын көрсетілетін қызметті алушының блоктарының кодтары және аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нұсқаулыққа сілтеме де болуға тиіс.

    22. Аукционды өткізу туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті беруші тізілімнің веб-порталында осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес хабарлама жіберілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен кейін мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.

    23. Аукцион 10 (он) жұмыс күнінен ерте емес, бірақ аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

    24. Объект бойынша сауда-саттық қатысушылардың бірі қол қою бонусының барынша расталған мөлшеріне дейін жүргізіледі. Бір ғана қатысушы тіркелген аукцион, егер қатысушы қол қою бонусының бастапқы мөлшерін растаған болса, өтті деп танылады.

    Әрбір сатылған объекті бойынша аукцион қорытындылары аукцион өткізілетін күні электрондық цифрлық қолтаңба бар құзыретті орган тізілімнің веб-порталында қол қоятын аукцион қорытындылары туралы хаттамамен ресімделеді.

    Аукцион қорытындылары туралы хаттама аукцион қорытындыларын және қатысушы растаған қол қою бонусының мөлшерін төлеу жөніндегі міндеттемелерді тіркейтін құжат болып табылады.

    25. Аукцион қорытындысы бойынша блокты (блоктарды) лицензияға қосуға басымдық аукцион жеңімпазына ол берген лицензияға өтінішке сәйкес беріледі.

    Қол қою бонусының ең жоғары мөлшерін растаған қатысушы аукционның (сауда-саттықтың) жеңімпазы болып танылады.

    Қол қою бонусын жеңімпаз аукцион қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуге тиіс.

    26. Осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес қол қою бонусы төленбеген жағдайда, аукцион қорытындыларының тізіліміне сәйкес әрбір келесі қатысушы кезектілік тәртібімен ол растаған қол қою бонусының мөлшерін ескере отырып, жеңімпаз болып есептеледі. Келесі қатысушыға да лицензияға берілген өтінішке сәйкес лицензияға блокты (блоктарды) қосуға басымдық беріледі. Бұл жағдайда қол қою бонусы жеңімпаз мәртебесін жоғалтқан аукционның алдыңғы қатысушысы үшін қол қою бонусын төлеу мерзімі өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде төленуге тиіс.

    Қатысушылардың ешқайсысы қол қою бонусын төлемеген жағдайда, ЭЦҚ-сы бар құзыретті орган тізілімнің веб-порталында аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды.

    27. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға қол қойылған бонус сомасы төленген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензия береді не 5 (бес) жұмыс күні өткеннен кейін оны беруден бас тартады.

    28. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік – процестік Қодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73 бабына сйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

    Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

    Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші оң нәтиже немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды ресімдейді.

    29. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензия беру немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

    30. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «Minerals.gov.kz» ЖҚПБП-дегі жеке кабинетіне жіберіледі.

    31. Өтініште көрсетілген мәліметтерде лицензияны мәні бойынша беру туралы шешім қабылдауға әсер етпейтін және анықталатын, сондай-ақ өтінішке қоса берілген құжаттармен салыстыру арқылы тексерілетін грамматикалық немесе арифметикалық қателердің, қате жазулардың болуы (блок (блоктар) туралы мәліметтерден басқа) лицензия беруден бас тартуға негіз болып табылмайды.

    32. Осы Қағидалардың қосымшаның 9-тармағының 9) тармақшасына сәйкес бас тарту мұндай бас тартуға негіз болған себептер көрсетілмей шығарылады.

    33. Лицензия беруден бас тарту көрсетілетін қызметті алушыны өтінішті қайта беру құқығынан айырмайды.

    34. Осы өтініш қаралған кезде пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған басқа лицензияға енгізілген блоктарды ғана қамтитын қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беруге арналған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.

    35. Кезекті өтініш алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тартқаннан кейін ғана қаралады.

    Көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіні «Minerals.gov.kz» ЖҚПБП арқылы алдыңғы өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы хабардар болған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні өткен соң кезекті өтінішті қарауға кіріседі.

    Егер бас тарту туралы шешімге көрсетілетін қызметті алушы сотқа шағым жасаса, кезекті өтінішті қарау туралы мәселені шағымды қарау нәтижелері бойынша сот шешімі күшіне енгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші шешеді.

    36. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

    37. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

    3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    38. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, шағымды қарайтын орган жүргізеді.

    Шағымдар шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

    Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

    Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    39. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

    Пайдалы қатты қазбаларды

    барлауға арналған лицензияны

    беруге өтініштерді беру және

    оларды қарау қағидаларына

    қосымша

    «Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Өнер­к­ә­сіп және құ­ры­лыс ми­ни­стр­лі­гі.
    2.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру «Minerals.gov.​kz» жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар­дың бі­рың­ғай плат­фор­ма (бұ­дан әрі – «Minerals.gov.​kz» ЖҚ­ПБП) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
    3.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    пай­да­лы қат­ты қаз­ба­лар­ды бар­ла­у­ға ли­цен­зи­я­лар бе­ру:
    1) өті­ніш­тің Қа­ғи­да­лар­ға сәй­кест­і­гін қа­рау және пай­да­лы қат­ты қаз­ба­лар­ды бар­лау жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­дың сал­дар­ла­рын жою жө­нін­де­гі мін­дет­те­ме­лер­дің орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету­ді ұсы­ну қа­жет­ті­гі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма жі­бе­ру не өті­ніш­ті қа­был­да­удан дәлел­ді бас тар­ту– 10 жұ­мыс кү­ні;
    2) ли­цен­зия бе­ру неме­се дәлел­ді бас тар­ту - 45 жұ­мыс кү­ні.
    жер қой­на­уы­ның мем­ле­кет­тік қо­рын бас­қа­ру бағ­дар­ла­ма­сы­на ал­ғаш рет ен­гі­зі­ле­тін аумақ­тар ше­гін­де пай­да­лы қат­ты қаз­ба­лар­ды бар­ла­у­ға ли­цен­зи­я­лар бе­ру:
    1) өті­ніш­тің Қа­ғи­да­лар­ға сәй­кест­і­гін қа­рау және пай­да­лы қат­ты қаз­ба­лар­ды бар­лау жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­дың сал­дар­ла­рын жою жө­нін­де­гі мін­дет­те­ме­лер­дің орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету­ді ұсы­ну қа­жет­ті­гі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма жі­бе­ру не өті­ніш­ті қа­был­да­удан дәлел­ді бас тар­ту – 20 жұ­мыс кү­ні;
    2) ли­цен­зия бе­ру неме­се дәлел­ді бас тар­ту - 45 жұ­мыс кү­ні.
    аук­ци­он ар­қы­лы пай­да­лы қ қат­ты аз­ба­лар­ды бар­ла­у­ға ли­цен­зи­я­лар бе­ру:
    1) Өті­ніш бе­ру­ші­ге сәй­кес бл­ок­тар ту­ра­лы ха­бар­ла­ма және аук­ци­он­ға қа­ты­су­ға ша­қы­ру – 20 жұ­мыс кү­ні;
    2) Аук­ци­он өт­кі­зу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма-10 жұ­мыс кү­ні;
    3) Аук­ци­он өт­кі­зу-15 жұ­мыс кү­ні;
    4) Қол қою бо­ну­сын тө­леу - аук­ци­он қо­ры­тын­ды­ла­ры ту­ра­лы хат­та­ма­ға қол қой­ы­л­ған күн­нен ба­стап 20 жұ­мыс кү­ні (әр­бір ке­ле­сі үшін же­ңім­паз қол қою бо­ну­сын тө­ле­ме­ген жағ­дай­да 10 жұ­мыс кү­ні);
    5) ли­цен­зия бе­ру неме­се қол қой­ы­л­ған бо­нус со­ма­сын тө­ле­ме­ген жағ­дай­да, дәлел­ді бас тар­ту – 5 жұ­мыс кү­ні.
    4.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    5.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
    Пай­да­лы қат­ты қаз­ба­лар­ды бар­ла­у­ға ли­цен­зи­я­лар бе­ру неме­се дәлел­ді бас тар­ту.
    6.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Тө­лем Ко­дек­стің 201-ба­бы және 277-ба­бы­ның 11-тар­ма­ғы шең­бе­рін­де ли­цен­зи­я­ны бе­ру­ді қо­с­па­ған­да, «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі­нің (Са­лық ко­дек­сі) 727-ба­бы­на сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
    7.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) «Minerals.gov.​kz» ЖҚ­ПБП – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, ме­ре­ке және де­ма­лыс күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.);
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін;
    8.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1. Өті­ніш мы­на­дай мә­лі­мет­тер­ді қам­ти­ды:
    1) же­ке тұ­лға­лар үшін - өті­ніш бе­ру­ші­нің те­гі, аты және әке­сі­нің аты (егер ол же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та көр­се­тіл­се), тұр­ғы­лық­ты же­рі, аза­мат­тығы, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер;
    заң­ды тұ­лға­лар үшін – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ата­уы; оның ор­на­лас­қан же­рі, заң­ды тұл­ға ре­т­ін­де мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (са­уда ті­зі­лі­мі­нен үзін­ді неме­се өті­ніш бе­ру­ші­нің шет мем­ле­кет­тің заң­на­ма­сы бой­ын­ша заң­ды тұл­ға бо­лып та­бы­ла­ты­нын ку­әлан­ды­ра­тын бас­қа да заң­да­сты­ры­л­ған құ­жат), көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алы­шу­ны ті­ке­лей неме­се жа­на­ма түр­де ба­қы­лай­тын бас­шы­лар, заң­ды және же­ке тұ­лға­лар, мем­ле­кет­тер және ха­лы­қа­ра­лық ұй­ым­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер;
    2) егер мұн­дай адам­ды өті­ніш бе­ру­ші та­ғай­ын­да­ған бол­са, өті­ніш бе­ру ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның аты­нан әре­кет ете­тін адам­ның өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы сұ­рау са­лын­ған жер қой­на­уы учас­ке­сін­де жүр­гізу­ге ни­ет­ті бар­лау жө­нін­де­гі жұ­мыстар­дың түр­ле­рін, әді­сте­рін, тә­сіл­де­рін, ша­ма­мен мер­зім­де­рін және кө­лем­де­рін жа­з­ба­ша си­паттау;
    4) егер сұ­рау са­лы­на­тын учас­ке­де неме­се оның бір бө­лі­гін­де мұн­дай адам жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ке­лі­сім­шарт негі­зін­де кө­мір­су­тек­тер­ді өн­ді­ру жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ра­тын бол­са, адам­ның пай­да­лы қат­ты қаз­ба­лар­ды бар­ла­у­ға ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ны бе­ру­ге ке­лі­сі­мі;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның пай­да­лы қат­ты қаз­ба­лар­ды бар­лау жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­ға қар­жы­лық және кә­сіп­тік мүм­кін­дік­те­рі бар еке­нін рас­тай­тын құ­жат­тар;
    6) егер сұ­ра­ты­лып отыр­ған жер қой­на­уы учас­ке­сі­нің ау­ма­ғы ел­ді ме­кен­дер­дің жер­ле­ріне және олар­ға ір­ге­лес жа­тқан аумақ­тар­ға бір мың метр қа­шық­тық­та то­лық неме­се іші­на­ра қа­ты­сты бол­са, Ко­дек­стің 25-ба­бы 3-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сын­да көз­дел­ген жер­гі­лік­ті ха­лық­ты әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық қол­дау ту­ра­лы ке­лі­сім;
    7) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің ал­ты есе­лен­ген мөл­ше­рі­нен аса­тын, өті­ніш бе­рі­л­ген күн­нің ал­дын­да­ғы күн­тіз­бе­лік он күн­нен ер­те емес бе­рі­л­ген са­лық ор­га­ны­ның са­лық бе­ре­ше­гі­нің жоқ­тығы ту­ра­лы анық­та­ма­сы.
    Осы Қа­ғи­да­лар­дың 5-тар­ма­ғы­ның екін­ші аб­за­цы­на сәй­кес бе­рі­л­ген пай­да­лы қат­ты қаз­ба­лар­ды бар­ла­у­ға ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ны бе­ру ту­ра­лы өті­ніш­ке осы тар­мақ­та көз­дел­ген құ­жат­тар­дан бас­қа, өті­ніш бе­ру­ші­нің өн­ді­рі­стік қыз­ме­ті (тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сі) жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­мен бай­ла­ны­сты (бай­ла­ны­сты) еке­нін рас­тай­тын өнер­к­ә­сіп­ті мем­ле­кет­тік ын­та­лан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның қо­ры­тындысы қо­са бе­рі­ле­ді.
    2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бар­лау жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зу үшін жет­кі­лік­ті қар­жы­лық мүм­кін­дік­те­рі­нің бо­луын рас­тау үшін мы­на­дай құ­жат­тар­дың бі­рі ұсы­ны­ла­ды:
    1) отыз күн мер­зім ішін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­да ли­цен­зи­я­ны бе­ру­ге өті­ніш бе­рі­л­ген күн­нің ал­дын­да­ғы үш ай ше­гін­де сұ­рау са­лы­на­тын ли­цен­зи­я­лар қол­да­ны­сы­ның бі­рін­ші жы­лын­да бар­ла­у­ға та­лап еті­ле­тін ең тө­мен­гі шы­ғы­стар­ды жа­бу үшін жет­кі­лік­ті мөл­шер­де ақ­ша­ның бо­луын (қал­ды­ғын) рас­тай­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі бан­кін­де­гі банк шо­ты бой­ын­ша ақ­ша­ның қал­ды­ғы мен қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы үзін­ді кө­шір­ме.
    Егер қа­ра­жат­тың қоз­ға­лы­сы жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар нәти­же­сін­де мә­лім­дел­ген отыз күн­дік ке­зең­нің қан­дай да бір кү­нін­де ақ­ша қа­ра­жа­ты­ның қал­ды­ғы осы тар­мақ­тың бі­рін­ші бө­лі­гі­нің 1) тар­мақ­ша­сын­да та­лап еті­л­ген­нен кем бо­лып та­был­са, он­да мұн­дай үзін­ді өті­ніш бе­ру­ші­нің қар­жы­лық мүм­кін­дік­те­рі­нің бар еке­нін рас­тай­тын құ­жат бо­лып та­ныл­май­ды. Өті­ніш бе­ру­ші­де қар­жы­лық мүм­кін­дік­тер­ді рас­тау мақ­сат­та­ры үшін екін­ші дең­гей­де­гі банк­те бір­не­ше шот­тар болған кез­де үзін­ді кө­шір­ме­лер ұсы­ны­л­ған бір­не­ше шот­тар бой­ын­ша ақ­ша қа­ра­жа­ты­ның қал­ды­ғы мен қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер де жиын­тығ­ын­да ес­ке­рі­луі мүм­кін;
    2) қары­здың ны­са­на­лы мақ­са­ты ре­т­ін­де пай­да­лы қат­ты қаз­ба­лар­ды бар­лау жө­нін­де­гі өті­ніш бе­ру­ші­нің қыз­ме­тін қар­жы­лан­ды­ру­ды көз­дей­тін, сон­дай-ақ сұ­рау са­лы­на­тын ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­лу бі­рін­ші жы­лын­да бар­ла­у­ға та­лап еті­ле­тін ең тө­мен шы­ғы­стар­ды жа­бу үшін жет­кі­лік­ті қарыз (қар­жы­лан­ды­ру) со­ма­сын рас­тай­тын ақ­ша қары­зы шар­ты­ның (қары­здың ал­дын ала шар­ты) неме­се қыз­мет­ті қар­жы­лан­ды­ру ту­ра­лы шар­ттың кө­шір­ме­сі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ауди­тор­лық қыз­мет ту­ра­лы заң­на­ма­сы­на сәй­кес жа­сал­ған, ли­цен­зи­я­ны бе­ру­ге өті­ніш бе­рі­л­ген күн­нің ал­дын­да­ғы қа­та­ры­нан ал­ты күн­тіз­бе­лік ай неме­се ал­дың­ғы күн­тіз­бе­лік жыл үшін дай­ын­дал­ған, он­да өті­ніш бе­ру­ші­нің та­за ак­тив­те­рі­нің мөл­ше­рі оның мін­дет­те­ме­ле­рі­нен сұ­рау са­лы­на­тын ли­цен­зия қол­да­ны­сы­ның бі­рін­ші жы­лын­да­ғы бар­ла­у­ға ар­нал­ған ең тө­мен шы­ғы­стар­дың ша­ма­сы­на аса­тын ауди­тор­лық есе­бі бар қар­жы­лық есеп­ті­лі­гі;
    4) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын қор бир­жа­сы та­ни­тын рей­тинг­тік агент­тіктің өті­ніш бе­ру­ші­ге өті­ніш бе­рі­л­ген күн­нің ал­дын­да­ғы жыл ішін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ай­қын­дай­тын ең тө­мен рей­тинг­тік ба­ға­ла­удан тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға бе­ру ту­ра­лы ха­ты.
    Егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қар­жы­лық мүм­кін­дік­те­рі­нің бар екен­ді­гін рас­тай­тын құ­жат ре­т­ін­де қарыз шар­ты­ның (қары­здың ал­дын ала шар­ты­ның) неме­се қарыз бе­ру­ші қар­жы ұй­ы­мы бо­лып та­был­май­тын тұл­ға әре­кет ете­тін (қар­жы­лан­ды­ра­тын) қыз­мет­ті қар­жы­лан­ды­ру ту­ра­лы шар­ттың кө­шір­ме­сі ұсы­ныл­са, өті­ніш­ке осы адам­ның осы тар­мақ­тың 1), 3) неме­се 4) тар­мақ­ша­ла­рын­да көз­дел­ген қар­жы­лық мүм­кін­дік­те­рі­нің бар екен­ді­гін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың бі­рі қо­сым­ша қо­са бе­рі­ле­ді.
    3. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бар­лау жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зу үшін жет­кі­лік­ті кә­сі­би мүм­кін­дік­те­рі­нің бо­луын рас­тау үшін мы­на­дай құ­жат­тар­дың кез кел­ге­ні ұсы­ны­ла­ды:
    1) штат­та ма­ман­ның бо­луы ту­ра­лы анық­та­ма неме­се гео­ло­гия неме­се гео­фи­зи­ка са­ла­сын­да­ғы ма­ман­мен қыз­мет­тер көр­се­ту шар­ты­ның кө­шір­ме­сі;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға осы тар­мақ­тың 1) тар­мақ­ша­сын­да са­на­ма­лан­ған ма­ман­дар­дың бі­рі бар сұ­рау са­лын­ған бар­ла­у­ға ли­цен­зия бе­рі­л­ген жағ­дай­да, мер­ді­гер ұй­ым­мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту шар­ты­ның неме­се Ко­дек­стің 6-та­ра­уы­на сәй­кес өті­ніш бе­ру­ші та­ғай­ын­дай­тын опе­ра­тор­дың көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту шар­ты­ның кө­шір­ме­сі.
    Егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның кә­сі­би мүм­кін­дік­те­рі­нің бар екен­ді­гін рас­тай­тын құ­жат ре­т­ін­де мер­ді­гер ұй­ым­мен қыз­мет көр­се­ту шар­ты­ның неме­се Ко­дек­стің 6-та­ра­уы­на сәй­кес өті­ніш бе­ру­ші та­ғай­ын­дай­тын опе­ра­тор­дың қыз­мет­тер көр­се­ту шар­ты­ның кө­шір­ме­ле­рі ұсы­ныл­са, өті­ніш­ке қо­сым­ша тар­ты­ла­тын ұй­ым­ның (опе­ра­тор­дың) шта­тын­да осы тар­мақ­тың бі­рін­ші бө­лім­нің 1) тар­мақ­ша­сын­да көр­се­ті­л­ген ма­ман­дар­дың бі­рі­нің бар екен­ді­гі ту­ра­лы анық­та­ма неме­се ти­іс­ті ма­ман­мен қыз­мет көр­се­ту шар­ты­ның кө­шір­ме­сі қо­са бе­рі­ле­ді.
    9.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­дар­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мы­на­дай негіз­дер­дің бі­рі болған кез­де:
    1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы;
    4) өті­ніш неме­се оған қо­са бе­рі­ле­тін құ­жат­тар Ко­дек­сте көз­дел­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­се;
    5) өті­ніш­ке осы Қа­ғи­да­лар­да та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар қо­са бе­ріл­ме­се;
    6) өті­ніш бе­рі­л­ген­ге дей­ін бір жыл ішін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны ті­ке­лей неме­се жа­на­ма ба­қы­лай­тын неме­се оның ба­қы­ла­у­ын­да­ғы адам­нан то­лық неме­се іші­на­ра сұ­ра­ты­л­ған жер қой­на­уы учас­ке­сін қам­ти­тын, пай­да­лы қат­ты қаз­ба­лар­ды бар­ла­у­ға ар­нал­ған ли­цен­зия ке­рі қай­та­рып алын­са;
    7) сұ­рау са­лы­на­тын аумақ то­лы­ғы­мен осы Қа­ғи­да­лар­дың 6-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген аум­ақ­қа және (неме­се) бл­ок­тар­ға жа­та­тын бол­са;
    8) өті­ніш бе­рі­л­ген­ге дей­ін күн­тіз­бе­лік бір жыл ішін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы неме­се өті­ніш бе­ру­ші­ні ті­ке­лей неме­се жа­на­ма ба­қы­лай­тын неме­се оның ба­қы­ла­у­ын­да­ғы адам сұ­рау са­лы­на­тын жер қой­на­уы учас­ке­сі­нен неме­се оның бір бө­лі­гі­нен бас тарт­са;
    9) ли­цен­зи­я­ны бе­ру ел­дің ұлт­тық қа­уіп­сіз­ді­гіне қа­тер төн­ді­ру­ге неме­се жер қой­на­уын пай­да­ла­ну құқық­та­ры­ның шо­ғыр­ла­нуы­на әкеп соқ­са;
    10) сұ­ра­ты­лып отыр­ған жер қой­на­уы учас­ке­сі­нің ау­ма­ғы мөл­ше­рі бой­ын­ша шек­тен асып кет­се неме­се осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­се;
    11) өті­ніш бе­рі­л­ген күн­нің ал­дын­да­ғы бес жыл ішін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны ті­ке­лей неме­се жа­на­ма ба­қы­лай­тын неме­се оның ба­қы­ла­у­ын­да­ғы адам өз пай­да­ла­нуын­да­ғы жер қой­на­уы учас­ке­ле­рін­де жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­дың сал­дар­ла­рын жою жө­нін­де­гі мін­дет­те­ме­лер­ді орын­да­ма­са неме­се ти­ісін­ше орын­да­ма­са;
    12) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның Ко­декс та­лап­та­ры­на сәй­кес пай­да­лы қат­ты қаз­ба­лар­ды бар­лау жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­дың сал­да­рын жою жө­нін­де­гі мін­дет­те­ме­лер­дің орын­да­луын ти­ісін­ше қам­та­ма­сыз ету­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ұсы­ну мер­зі­мін сақ­та­ма­са, ли­цен­зи­я­ны бе­ру­ден бас тар­та­ды.
    10.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
    Жер қой­на­уы­ның мем­ле­кет­тік қо­рын бас­қа­ру бағ­дар­ла­ма­сын­да құ­зы­рет­ті ор­ган­ның жер қой­на­уы­ның мем­ле­кет­тік қо­рын бас­қа­ру бағ­дар­ла­ма­сы­на ал­ғаш рет ен­гі­зі­ле­тін және осы бап­тың 4 және 5-тар­мақ­та­рын­да көр­се­ті­л­ген аумақ­тар­ға жат­пай­тын аумақ­тар ше­гін­де пай­да­лы қат­ты қаз­ба­лар­ды бар­ла­у­ға ар­нал­ған ли­цен­зи­я­лар­ды бе­ру­ге өті­ніш­тер­ді қа­был­да­уды ба­стау кү­ні көз­де­лу­ге ти­іс деп бел­гі­лен­сін. Көр­се­ті­л­ген күн жер қой­на­уы­ның мем­ле­кет­тік қо­рын бас­қа­ру бағ­дар­ла­ма­сы бе­кі­ті­л­ген неме­се оған ти­іс­ті өзге­рі­стер ен­гі­зі­л­ген күн­нен ба­стап екі ай­дан ер­те бел­гі­лен­бей­ді.
    Жер қой­на­уы­ның мем­ле­кет­тік қо­рын бас­қа­ру бағ­дар­ла­ма­сы­на ал­ғаш рет ен­гі­зі­ле­тін аумақ­тар ше­гін­де пай­да­лы қат­ты қаз­ба­лар­ды бар­ла­у­ға ар­нал­ған ли­цен­зи­я­лар­ды қа­ра­удың және бе­ру­дің мы­на­дай ерекше­лік­те­рі бел­гі­лен­сін:
    1) қа­был­дау ба­ста­ла­тын күн­нен ба­стап бір ай ішін­де ке­ліп түс­кен өті­ніш­тер Ко­дек­стің 188-ба­бы­ның 1, 2 және 3-тар­мақ­та­рын­да көз­дел­ген ере­же­лер ес­ке­ріл­мей қа­ра­ла­ды және бір­дей ба­сымды­ғы бар деп есеп­те­ле­ді;
    2) егер осы бө­лік­тің 1) тар­мақ­ша­сын­да көз­дел­ген мер­зім ішін­де ке­ліп түс­кен өті­ніш­тер­ді қа­рау нәти­же­сін­де сол бір блок (бл­ок­тар) ли­цен­зи­я­ны бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­дан­ба­ған бір­не­ше өті­ніш­тер­ге ен­гі­зі­л­ге­ні анық­тал­са, осы блок (бл­ок­тар) бой­ын­ша өті­ніш ие­ле­рі ара­сын­да құ­зы­рет­ті ор­ган ай­қын­дай­тын тәр­тіп­пен және мер­зім­дер­де аук­ци­он өт­кі­зі­ле­ді. Өті­ніш ие­сі­нің аук­ци­он­ға қа­ты­су­дан бас тар­туы неме­се аук­ци­он­ға кел­мей қа­луы ти­іс­ті блок бой­ын­ша оның өті­ні­мін қа­был­да­мау­ға негіз бо­лып та­бы­ла­ды.
    3) аук­ци­он қо­ры­тындысы бой­ын­ша осы бө­лік­тің 2) тар­мақ­ша­сын­да көр­се­ті­л­ген өті­ніш­тер бой­ын­ша ли­цен­зи­я­лар­ды бе­ру аук­ци­он­ның же­ңім­па­зы деп та­ны­л­ған адам­ның өті­ні­ші аук­ци­он өт­кі­зі­л­ген блок­қа (бл­ок­тар­ға) қа­ты­сты ба­сым деп есеп­те­ле­ті­ні ес­ке­рі­ле оты­рып, Ко­дек­стің 188-ба­бы­на және 189-ба­бы­ның ба­сымды­ғы ту­ра­лы ере­же­ге сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Осы бө­лік­тің 1) тар­мақ­ша­сын­да көз­дел­ген мер­зім өт­кен­нен кей­ін бе­рі­л­ген, бар­ла­у­ға ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ны бе­ру­ге өті­ніш­тер Ко­дек­стің 27-та­ра­уын­да көз­дел­ген, пай­да­лы қат­ты қаз­ба­лар­ды бар­ла­у­ға ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ны қа­рау және бе­ру ту­ра­лы ере­же­лер­ге сәй­кес қа­ра­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ме­кен­жай­ла­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған – www.​miid.​gov.​kz.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры: 8 (7172) 983-334, Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.