Карантинді тоқтату және «Карантин белгілеу туралы» Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылы әкімінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабындағы 8) тармақшасына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жарқайың ауданы аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 01-24-468 ұсынысының негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылының аумағында ірі қара мал арасында сібір жарасын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. «Карантин белгілеу туралы» Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылы әкімінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 6 шешімінің күші жойылған болып танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Ауыл әкімі
А.Арыстанбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.