Құлсары қаласының көшелеріне атау беру және саябақтарына белгіленген атаулар беру туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 қыркүйек 2023 ж.

    Құлсары қаласының көшелеріне атау беру және саябақтарына белгіленген атаулар беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 11 қазандағы қорытындысы негізінде, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Құлсары қаласының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

    1) № 89 көшеге – Хиуаз Доспанова көшесі;

    2) № 88 көшеге – Мұқағали Мақатаев;

    3) № 90 көшеге – Шара Жиенқұлова көшесі;

    4) № 59 көшеге – Жерұйық көшесі;

    5) № 56 көшеге – Үстірт көшесі;

    6) № 64 көшеге – Мұғалжар көшесі;

    7) № 58 көшеге – Байқоныс көшесі;

    8) № 65 көшеге – Құлагер көшесі;

    9) № 66 көшеге – Азаттық көшесі;

    10) № 37 көшеге – Шаттық көшесі;

    11) № 122 көшеге – Көшім Қалышев көшесі;

    12) № 240 көшеге – Түймеш Сәбетова көшесі;

    13) № 53 көшеге – Жолдыбай Құлекенов көшесі;

    14) № 185 көшеге – Ақмырза Жарылғасов көшесі;

    15) № 215 көшеге – Манап Ғалимов көшесі;

    16) № 109 көшеге – Үтбай Бисембаев көшесі.

    2. Келесі саябақтарға атаулар (белгіленген атаулар) берілсін:

    1) Құлсары қаласындағы (белгіленген атау) «Достық» саябағы;

    2) Құлсары қаласындағы (белгіленген атау) «Нұрсая» саябағы;

    3) Құлсары қаласындағы (белгіленген атау) «Жансая» саябағы;

    4) Құлсары қаласындағы (белгіленген атау) «Жеңіс» саябағы;

    3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жылыой ауданы әкімі

    Ж. Қаражанов

    Жылыой аудандық мәслихат хатшысы

    Қ. Мыңбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.