Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 213 «Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 қыркүйек 2023 ж.

    Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 213 «Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 213 «Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2155 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларында:

    2 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

    «3) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі - «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бағдарламаның әкімшісі);».

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Маңғыстау облысының әкімі

    Н. Ногаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.