Көшені қайта атау және атауы жоқ көшелерге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 3 тамыздағы Түркістан облысы ономастика комиссиясының оң қорытындысы негізінде Рысқұлов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Азаттық ауылындағы Интерноционал көшесі «Тұран» көшесі деп қайта аталсын.
2. Азаттық ауылындағы атауы жоқ көшеге - «Нұрлы жол» атауы берілсін.
3. Азаттық ауылындағы атауы жоқ көшеге - «Ақмешіт» атауы берілсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі
Н.Нышанбай
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.