Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округі Жамбыл елді мекенінің шекарасын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 1,5-тармақтарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөлімі мен Мақтаарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округі Жамбыл елді мекенінің шекарасы өзгертілсін:
1) 103,19 гектар жер учаскесі Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 372,47 гектар;
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақтаарал ауданының әкімі
Б. Асанов
Мақтаарал аудандық мәслихатының төрағасы
К. Сарсекбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.