Мақтаарал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 маусымдағы № 32-223-VI «Мақтаарал ауданының кенттері мен ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешiмiнің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 қыркүйек 2023 ж.

    Мақтаарал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 маусымдағы № 32-223-VI «Мақтаарал ауданының кенттері мен ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешiмiнің күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-тармағына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1 тармағына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Мақтаарал аудандық мәслихатының «Мақтаарал ауданының кенттері мен ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 19 маусымдағы №32-223-VI шешiмi. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4659 болып тіркелген);

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мақтаарал аудандық мәслихатының төрағасы

    К. Сарсекбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.