Есіл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
Есіл аудандық мәслихатының «Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 15 ақпандағы № 2/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8366 болып тіркелген);
Есіл аудандық мәслихатының «Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 2/2 «Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 6 маусымдағы № 8С-4/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8580-03 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл аудандық мәслихатының төрайымы
А.Адильбаева
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.