«Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 350 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 61 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қыркүйек 2023 ж.

    «Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 350 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 61 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. «Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі №350 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі №61 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18998 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    бірлескен бұйрықтың 1 және 2-қосымша лары осы бірлескен бұйрықтың 1 және 2 - қосымша ларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі

    __________А. Куантыров

    Қазақстан Республикасы Әділет министрі

    __________А. Ескараев

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасы

    Бас прокуратурасының

    Құқықтық статистика және арнайы

    есепке алу жөніндегі комитеті

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрі

    2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 мен

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрі

    2023 жылғы 15 қыркүйектегі

    № 661 Бірлескен бұйрыққа

    1-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің

    2019 жылғы 5 шілдедегі №350 және

    Қазақстан Республиксы

    Ұлттық экономика министрінің

    2019 жылғы 9 шілдедегі № 61

    бірлескен бұйрығымен

    бекітілген

    Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі-Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6 - тармақтарына сәйкес, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген).

    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

    2) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

    3) тәуекел – бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы; 4) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау және қадағалау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі;

    5) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

    6) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау және қадағалау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

    7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

    8) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;

    9) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нақты саласында бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.

    3. Кодекстің 141-бабының 5-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

    2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

    4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.

    Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектісіне (объектісіне) профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

    Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектісіне (объектісіне) профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

    5. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.

    Бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) субъективті өлшемшарттар бойынша өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.

    6. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

    1-параграф. Объективті өлшемшарттар

    7. Объективті өлшемшарттарды анықтау тәуекелді анықтау арқылы жүзеге асырылады.

    8. Объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары орташа тәуекел дәрежесіне жатады.

    2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

    9. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

    1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

    2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

    10. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында заңнамасын бұзатын бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

    11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау мынадай ақпарат көздері бойынша айқындалады:

    1) бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде «Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімі» ақпараттық жүйесі арқылы (бұдан әрі – БСН ҰТ АЖ);

    2) алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

    12. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы уәкілетті орган талдауға және бағалауға жататын субъективті өлшемшарттарды осы Өлшемшарттар 1-қосымшаға сәйкес қалыптастырады.

    13. Субъективті критерийлерді талдау және бағалау бақылау субъектісінің (объектісінің) неғұрлым ықтимал тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) профилактикалық бақылауын шоғырландыруға мүмкіндік береді.

    Талдау және бағалау кезінде белгілі бір бақылау объектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және қолданылатын субъективті критерийлер туралы деректер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеу мерзімі аяқталған деректер қолданылмайды.

    Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.

    14. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және осы Қағидалардың 3-тарауы нда айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

    Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдарына осы Өлшемшарттарға 1 - қосымшаға сәйкес қатысты.

    3-параграф. Бағалау жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері және тәуекелдерді басқару

    15. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын БСН ҰТ АЖ және басқа да ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

    16. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебі, сондай-ақ бақылау субъектісі тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен дәрежелеріне жататын тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.

    3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі

    17. Бақылау субъектісін осы Өлшемшарттардың 4-тармағына сәйкес тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

    Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында уәкілетті орган бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру бойынша профилактикалық бақылау жүргізуге байланысты осы Өлшемшарттардың 11 немесе 12- тармақтарына сәйкес көздерден ақпарат жинайды және субъективті өлшемшарттар бойынша деректер базасын қалыптастырады.

    Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша осы Өлшемшарттардың (SC) 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

    Rарал = SP + SC , мұнда

    Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші

    SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

    SC – осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

    Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

    18. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

    19. Осы Өлшемшарттардың 12-тармағында көрсетілген ақпарат өздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау және қадағалау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

    Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

    Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.

    Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

    SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда

    SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

    SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны. Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.

    Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі: SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда

    SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

    SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

    SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

    Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

    SР = SРз + SРн, мұнда

    SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

    SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

    SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

    Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

    20. Осы Өлшемшарттардың 15-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

    xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

    wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi

    n – көрсеткіштер саны.

    Осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

    21. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:

    R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

    Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

    Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

    Rарал – осы Өлшемшарттардың 18 - тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

    4-тарау. Тексеру парақтары

    22. Тексеру парақтары бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін жасалады және Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес талаптарды қамтиды және Кодекстің 143-бабының 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып жүргізіледі.

    23. Тексеру парақтары осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

    Коммерциялық ұйымдар болып

    табылатын заңды тұлғаларды,

    филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу

    саласында тәуекел дәрежесін

    бағалау өлшемшарттарына

    1- қосымша

    Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында бақылау субъектілер (объектілер) қызметінің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшартары

    Өл­шем­шар­ттар
    Бұ­зу­шы­лық дә­ре­же­сі
    1
    Биз­нес-сәй­кестен­дi­ру нө­мiр­лерiнiң ұлт­тық ті­зі­лім­ді дәй­ек­сіз тол­ты­ру
    Өрес­кел
    2
    Сот ак­ті­ле­рі және сот орын­да­у­шы­ла­ры мен құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­ның қа­улы­ла­ры (тый­ым са­лу­ла­ры, тый­ым са­лу­ла­ры) болған кез­де тір­кеу іс-қи­мыл­да­рын жүр­гі­зу
    Өрес­кел
    3
    Заң­ды тұл­ға­ны құ­ру­дың, қай­та тiр­ке­удің және қай­та ұй­ым­да­сты­ру­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­лық ак­тiлерiн­де бел­гi­лен­ген тәр­тiбi­нің бұ­зы­луы, құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның за­ңы­на сәй­кес кел­ме­ген кез­де тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гі­зу
    Өрес­кел
    4
    Өт­кі­зу ак­ті­сі неме­се бө­лу ба­лан­сы ұсы­ныл­ма­ған не олар­да қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған заң­ды тұл­ға­ның құқық­тық ми­рас­қор­лы­ғы ту­ра­лы ере­же­лер бол­ма­ған кез­де тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гі­зу
    Өрес­кел
    5
    Егер заң­ды тұл­ға неме­се заң­ды тұл­ға­ның жал­ғыз құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы) әре­кет­сіз заң­ды тұл­ға бо­лып та­был­са, тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гі­зу
    Өрес­кел
    6
    Егер заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы, мү­ше­сі) және (неме­се) бас­шы­сы бо­лып та­бы­ла­тын же­ке тұл­ға әре­кет ет­пей­тін заң­ды тұ­лға­лар­дың жал­ғыз құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы, мү­ше­сі) және (неме­се) бас­шы­сы бо­лып та­был­са, тір­кеу әре­кет­те­рін жүр­гі­зу
    Өрес­кел
    7
    Егер заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы, мү­ше­сі) және (неме­се) бас­шы­сы бо­лып та­бы­ла­тын же­ке тұл­ға әре­кет­ке қа­бiлет­сiз неме­се әре­кет қа­бiлетi шек­те­улі деп та­ныл­са, тір­кеу әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге жол бер­меу
    Өрес­кел
    8
    Егер же­ке тұл­ға, заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы, мү­ше­сі) және (неме­се) бас­шы­сы бо­лып та­бы­ла­тын же­ке тұл­ға ха­бар-ошар­сыз кет­кен деп та­ныл­са, қай­тыс бол­ды деп жа­ри­я­лан­са, қай­тыс болған ре­т­ін­де тір­кел­се не оның мәр­те­бе­сі ай­қын­дал­ма­са, тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гі­зу
    Өрес­кел
    9
    Егер заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы, мү­ше­сі) және (неме­се) бас­шы­сы бо­лып та­бы­ла­тын же­ке тұл­ға­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қыл­мыстық ко­дексiнiң 237, 238-бап­та­ры бой­ын­ша қыл­мыста­ры үшін жой­ыл­ма­ған неме­се алын­ба­ған сот­тал­ғанды­ғы бар бол­са, тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гі­зу
    Өрес­кел
    10
    Егер мем­ле­кет­тік тір­кеу ке­зін­де құ­ры­л­тай­шы (же­ке тұл­ға және (неме­се) заң­ды тұл­ға), оның құ­ры­л­тай­шы­ла­ры, заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­сы, заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы, мү­ше­сі) бо­лып та­бы­ла­тын заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы және (неме­се) бас­шы­сы, ат­қа­ру­шы­лық құ­жат бой­ын­ша бо­рыш­кер бо­лып та­был­са, мер­зім­дік тө­лем­дер­ді өн­ді­ріп алу ту­ра­лы ат­қа­ру­шы­лық iс жүр­гi­зу бой­ын­ша бо­рыш­кер бо­лып та­бы­ла­тын және үш ай­дан астам мер­зім­ді өн­ді­ріп алу ту­ра­лы ат­қа­ру­шы­лық iс жүр­гi­зу бой­ын­ша бе­ре­ше­гi жоқ тұл­ға­ны қо­с­па­ған­да, тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гі­зу
    Өрес­кел
    11
    Егер заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы) және (неме­се) бас­шы­сы бо­лып та­бы­ла­тын же­ке тұл­ға жап­пай қы­рып-жою қа­руын та­ра­ту­ды қар­жы­лан­ды­ру­мен бай­ла­ны­сты ұй­ым­дар мен тұ­лға­лар­дың тіз­бе­сіне және (неме­се) тер­ро­ризмді және экс­тре­мизмді қар­жы­лан­ды­ру­мен бай­ла­ны­сты ұй­ым­дар мен тұ­лға­лар­дың тіз­бе­сіне Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес ен­гі­зі­л­ген бол­са және сот ше­ші­мі бой­ын­ша тәр­кі­лен­ген және (неме­се) өн­ді­ріп алын­ған ак­ци­я­лар­ды (жар­ғы­лық ка­пи­тал­да­ғы қа­ты­су үле­сте­рін) қо­с­па­ған­да тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге жол бер­меу
    Өрес­кел
    12
    Бас­шы­лар­дың/ құ­ры­л­тай­шы­лар­дың (мү­ше­лер­дің, қа­ты­су­шы­лар­дың) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын жо­ғал­ған және (неме­се) жа­рам­сыз құ­жат­тар­мен тір­кеу ке­зін­де тір­кеу іс-қи­мыл­да­рын жүр­гі­зу
    Өрес­кел
    13
    Тір­кеу іс-әре­кет­те­ріне қа­жет­ті құ­жат­тар па­ке­ті то­лық бол­ма­ған кез­де тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гі­зу
    Өрес­кел
    14
    Тір­кеу іс-әре­кет­те­рі­нен негіз­сіз бас тар­ту
    Өрес­кел
    15
    Тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гі­зу мер­зім­де­рін сақ­та­мау
    Өрес­кел
    16
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алы­нуы мүм­кін құ­жат­тар­ды та­лап ету­ге жол бер­меу
    Еле­улі
    17
    Тір­кеу іс-әре­кет­те­рі мер­зі­мін негіз­сіз үзу­ге жол бер­меу
    Еле­улі
    18
    Тір­кеу іс­те­рін ти­ісін­ше жүр­гіз­бе­уі және сақ­та­мау
    Өрес­кел

    Коммерциялық ұйымдар болып

    табылатын заңды тұлғаларды,

    филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу

    саласында тәуекел дәрежесін

    бағалау өлшемшарттарына

    2 - қосымша

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің сәйкес коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды,филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тізбесі

    Р/с №
    Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шарт көр­сет­кі­ші
    Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шарт көр­сет­кі­ші бой­ын­ша ақ­па­рат кө­зі
    Ма­ңы­зды­лы­ғы бой­ын­ша үлес сал­ма­ғы, балл (со­ма­сы 100 бал­дан ас­па­уы ти­іс), wi
    Шар­ттар /мән­дер, xi
    шар­ттар 1/мән­дер
    шар­ттар 2/мән­дер
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    Ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау үшін
    1
    Тір­кеу ту­ра­лы са­ны мә­лі­мет­тер­дің ұсы­ны­луы
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
    50
    Уақ­ты­лы ұсы­ну / 0%
    Есеп­ті ұсын­бау / 100%
    2
    Тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гі­зу мер­зім­де­рін сақ­та­мау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің ұсы­ны­луы
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі
    50
    Уақ­ты­лы ұсы­ну / 0%
    Есеп­ті ұсын­бау / 100%

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрі

    2023 жылғы 18 қыркүйектегі

    № 163 мен

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрі

    2023 жылғы 15 қыркүйектегі

    № 661 бірлескен бұйрығына

    2-қосымша

    Коммерциялық болып табылатың заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді саласында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Тексеру парағы

    Заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдарының (бұдан әрі - тіркеу органдары) қызметіне қатысты

    _______________________________________________________________________________ (бақылау субъектілерінің бірыңғай тобының атауы)

    Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

    _____________________________________________________________________________

    Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт

    _____________________________________________________________________________ (№ , күні)

    Бақылау субъектісінің атауы

    _____________________________________________________________________________ (бизнес - сәйкестендіру нөмірі),

    Орналасқан мекен-жайы ________________________________________________________

    Та­лап­тар­дың ті­зі­мі
    Та­лап­тар­ға сай
    Та­лап­тар­ға сай емес
    1
    2
    3
    4
    1
    Биз­нес-сәй­кестен­дi­ру нө­мiр­лерiнiң ұлт­тық ті­зі­лім­ді дәй­ек­сіз тол­ты­ру
    2
    Сот ак­ті­ле­рі және сот орын­да­у­шы­ла­ры мен құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­ның қа­улы­ла­ры (тый­ым са­лу­ла­ры, тый­ым са­лу­ла­ры) болған кез­де тір­кеу іс-қи­мыл­да­рын жүр­гі­зу
    3
    Заң­ды тұл­ға­ны құ­ру­дың, қай­та тiр­ке­удің және қай­та ұй­ым­да­сты­ру­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­лық ак­тiлерiн­де бел­гi­лен­ген тәр­тiбi­нің бұ­зы­луы, құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның за­ңы­на сәй­кес кел­ме­ген кез­де тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гі­зу
    4
    Өт­кі­зу ак­ті­сі неме­се бө­лу ба­лан­сы ұсы­ныл­ма­ған не олар­да қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған заң­ды тұл­ға­ның құқық­тық ми­рас­қор­лы­ғы ту­ра­лы ере­же­лер бол­ма­ған кез­де тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гі­зу
    5
    Егер заң­ды тұл­ға неме­се заң­ды тұл­ға­ның жал­ғыз құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы) әре­кет­сіз заң­ды тұл­ға бо­лып та­был­са, тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гі­зу
    6
    Егер заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы, мү­ше­сі) және (неме­се) бас­шы­сы бо­лып та­бы­ла­тын же­ке тұл­ға әре­кет ет­пей­тін заң­ды тұ­лға­лар­дың жал­ғыз құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы, мү­ше­сі) және (неме­се) бас­шы­сы бо­лып та­был­са, тір­кеу әре­кет­те­рін жүр­гі­зу
    7
    Егер заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы, мү­ше­сі) және (неме­се) бас­шы­сы бо­лып та­бы­ла­тын же­ке тұл­ға әре­кет­ке қа­бiлет­сiз неме­се әре­кет қа­бiлетi шек­те­улі деп та­ныл­са, тір­кеу әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге жол бер­меу
    8
    Егер же­ке тұл­ға, заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы, мү­ше­сі) және (неме­се) бас­шы­сы бо­лып та­бы­ла­тын же­ке тұл­ға ха­бар-ошар­сыз кет­кен деп та­ныл­са, қай­тыс бол­ды деп жа­ри­я­лан­са, қай­тыс болған ре­т­ін­де тір­кел­се не оның мәр­те­бе­сі ай­қын­дал­ма­са, тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гі­зу
    9
    Егер заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы, мү­ше­сі) және (неме­се) бас­шы­сы бо­лып та­бы­ла­тын же­ке тұл­ға­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қыл­мыстық ко­дексiнiң 237, 238-бап­та­ры бой­ын­ша қыл­мыста­ры үшін жой­ыл­ма­ған неме­се алын­ба­ған сот­тал­ғанды­ғы бар бол­са, тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гі­зу
    10
    Егер мем­ле­кет­тік тір­кеу ке­зін­де құ­ры­л­тай­шы (же­ке тұл­ға және (неме­се) заң­ды тұл­ға), оның құ­ры­л­тай­шы­ла­ры, заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­сы, заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы, мү­ше­сі) бо­лып та­бы­ла­тын заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы және (неме­се) бас­шы­сы, ат­қа­ру­шы­лық құ­жат бой­ын­ша бо­рыш­кер бо­лып та­был­са, мер­зім­дік тө­лем­дер­ді өн­ді­ріп алу ту­ра­лы ат­қа­ру­шы­лық iс жүр­гi­зу бой­ын­ша бо­рыш­кер бо­лып та­бы­ла­тын және үш ай­дан астам мер­зім­ді өн­ді­ріп алу ту­ра­лы ат­қа­ру­шы­лық iс жүр­гi­зу бой­ын­ша бе­ре­ше­гi жоқ тұл­ға­ны қо­с­па­ған­да, тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гі­зу
    11
    Егер заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­л­тай­шы­сы (қа­ты­су­шы­сы) және (неме­се) бас­шы­сы бо­лып та­бы­ла­тын же­ке тұл­ға жап­пай қы­рып-жою қа­руын та­ра­ту­ды қар­жы­лан­ды­ру­мен бай­ла­ны­сты ұй­ым­дар мен тұ­лға­лар­дың тіз­бе­сіне және (неме­се) тер­ро­ризмді және экс­тре­мизмді қар­жы­лан­ды­ру­мен бай­ла­ны­сты ұй­ым­дар мен тұ­лға­лар­дың тіз­бе­сіне Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес ен­гі­зі­л­ген бол­са және сот ше­ші­мі бой­ын­ша тәр­кі­лен­ген және (неме­се) өн­ді­ріп алын­ған ак­ци­я­лар­ды (жар­ғы­лық ка­пи­тал­да­ғы қа­ты­су үле­сте­рін) қо­с­па­ған­да тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге жол бер­меу
    12
    Бас­шы­лар­дың/ құ­ры­л­тай­шы­лар­дың (мү­ше­лер­дің, қа­ты­су­шы­лар­дың) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын жо­ғал­ған және (неме­се) жа­рам­сыз құ­жат­тар­мен тір­кеу ке­зін­де тір­кеу іс-қи­мыл­да­рын жүр­гі­зу
    13
    Тір­кеу іс-әре­кет­те­ріне қа­жет­ті құ­жат­тар па­ке­ті то­лық бол­ма­ған кез­де тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гі­зу
    14
    Тір­кеу іс-әре­кет­те­рі­нен негіз­сіз бас тар­ту
    15
    Тір­кеу іс-әре­кет­те­рін жүр­гі­зу мер­зім­де­рін сақ­та­мау
    16
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алы­нуы мүм­кін құ­жат­тар­ды та­лап ету­ге жол бер­меу
    17
    Тір­кеу іс-әре­кет­те­рі мер­зі­мін негіз­сіз үзу­ге жол бер­меу
    18
    Тір­кеу іс­те­рін ти­ісін­ше жүр­гіз­бе­уі және сақ­та­мау

    Лауазымды тұлға: _________________________________________________ лауазым қолы

    _________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Бақылау субьектісінің басшысы ______________________________________ лауазым қолы

    _________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.