Қызылорда облысының Қазалы аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған Қызылқұм ауылдық округінің бюджеті туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 қыркүйек 2023 ж.

    Қызылорда облысының Қазалы аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған Қызылқұм ауылдық округінің бюджеті туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Қызылорда облысының Қазалы аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған Қызылқұм ауылдық округінің бюджеті туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №349 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізімінде №176827 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. 2023-2025 жылдарға арналған Қызылқұм ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3 – қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

    1) кірістер – 83621,4 мың теңге, оның ішінде:

    салықтық түсімдер – 3023 мың теңге;

    негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 723 мың теңге.

    трансферттер түсімі – 79875,4 мың теңге;

    2) шығындар – 84492,5 мың теңге;

    3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

    бюджеттік кредиттер – 0;

    бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

    4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

    қаржы активтерін сатып алу – 0;

    мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

    5) бюджет тапшылығы (профициті) – -871,1 мың теңге;

    6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 871,1 мың теңге;

    қарыздар түсімі – 0;

    қарыздарды өтеу – 0;

    бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 871,1 мың теңге.».

    2. Көрсетілген шешімнің 1, 4 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    3. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы

    Ғ.Әліш

    Қазалы аудандық мәслихатының

    2023 жылғы «05» қыркүйектегі

    №75 шешіміне 1-қосымша

    Қазалы аудандық мәслихатының

    2022 жылғы «23» желтоқсандағы

    №349 шешіміне 1-қосымша

    2023 жылға арналған Қызылқұм ауылдық округінің бюджеті

    Санаты
    Сомасы, мың теңге
    Сыныбы
    Кіші сыныбы
    Атауы
    1. Кірістер
    83621,4
    1
    Салықтық түсімдер
    3023
    01
    Табыс салығы
    496
    2
    Жеке табыс салығы
    496
    04
    Меншiкке салынатын салықтар
    2527
    1
    Мүлiкке салынатын салықтар
    82
    3
    Жер салығы
    15
    4
    Көлiк құралдарына салынатын салық
    2430
    3
    Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
    723
    01
    Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату
    718
    1
    Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату
    718
    03
    Жерді және материалдық емес активтерді сату
    5
    1
    Жерді сату
    5
    4
    Трансферттердің түсімдері
    79875,4
    02
    Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер
    79875,4
    3
    Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер
    79875,4
    Функционалдық топ
    Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi
    Бағдарлама
    Атауы
    2. Шығындар
    84492,5
    1
    Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер
    49846,6
    124
    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
    49846,6
    001
    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
    44931,6
    022
    Мемлекетік органның күрделі шығыстары
    4018
    032
    Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары
    897
    7
    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
    14290,8
    124
    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
    2616,4
    014
    Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру
    2616,4
    124
    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
    11674,4
    008
    Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру
    1538
    009
    Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету
    528
    011
    Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру
    9608,4
    8
    Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк
    20340
    124
    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
    20340
    006
    Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау
    20340
    15
    Трансферттер
    15,1
    124
    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
    15,1
    048
    Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару
    15,1
    3. Таза бюджеттік кредиттеу
    0
    Бюджеттік кредиттер
    0
    Бюджеттік кредиттерді өтеу
    0
    4. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо
    0
    Қаржы активтерін сатып алу
    0
    Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер
    0
    5. Бюджет тапшылығы (профициті)
    -871,1
    6.Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
    871,1
    8
    Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары
    871,1
    01
    Бюджет қаражаты қалдықтары
    871,1
    1
    Бюджет қаражатының бос қалдықтары
    871,1

    Қазалы аудандық мәслихатының

    2023 жылғы «05» қыркүйектегі

    №75 шешіміне 2-қосымша

    Қазалы аудандық мәслихатының

    2022 жылғы «23» желтоқсандағы

    №349 шешіміне 4-қосымша

    2023 жылға арналған аудандық бюджетте Қызылқұм ауылдық округі бюджетіне аудандық бюджет қаражаты есебінен берілетін нысаналы трансферттер

    Атауы
    Сомасы, мың теңге
    Ағымдағы нысаналы трансферттер
    9699,4
    1
    Кәукей ауылы, Жанқожа батыр көшесіндегі трансформатор қондырғысының тозығы жетіп істен шығуына байланысты жаңа КТПН-160/10-0,4 кВ У1 маркалы трансформатор қондырғысын сатып алуға
    3808
    2
    Қызылқұм ауылдық округіне скважина қазу жұмыстарының ЖСҚ-н әзірлеуге.
    1391,1
    3
    Ажар елді мекенінде тұрғындарды электр жарығымен қамтамасыз етіп отырған дизелді электр генераторына сұйық отын сатып алуға қосымша
    3495,5
    4
    Ажар елді мекеніндегі су тұщыту қондырғысына сұйық отын сатып алуға қосымша
    160,4
    5
    Аяқ су айдау үшін дизелдік насосқа сұйық отын сатып алуға қосымша
    844,4

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.