«Сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 21 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 қыркүйек 2023 ж.

    «Сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 21 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 21 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19288 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау қағидаларында:

    12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «12. Егер кедендік-тарифтік шараларды қолдану жөніндегі ұсыныс ЕЭК-тан келіп түссе, оның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұсыныстары, уәкілетті орган оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Өзара іс-қимыл қағидалары) тиісті мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен келісуді қамтамасыз етеді.».

    2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы

    К. Торебаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Индустрия және инфрақұрылымдық

    даму министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.