Мұғалжар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 қыркүйек 2023 ж.

    Мұғалжар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабының, 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Мұғалжар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мұғалжар аудандық мәслихатының төрағасы

    Б. Кадралин

    Мұғалжар аудандық мәслихатының

    2023 жылғы 8 қыркүйектегі

    № 91 шешіміне қосымша

    Мұғалжар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

    ата­уы
    есеп­тік бір­лік
    тең­ге (қо­сы­л­ған құн са­лық­сыз)
    Жай­лы және жай­лы емес үй­лер
    1 тұр­ғын­нан ай­ы­на
    225,00
    Бір­лі­гіне (кө­ле­міне) жыл­дық та­риф
    1 м3
    2 288,15

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.