«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының және оның ведомстволарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 13/67 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының және оның ведомстволарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 13/67 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16844 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы
А. Дадебаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.