Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 қыркүйек 2023 ж.

    Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 27-баптарына сәйкес, тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Павлодар облысының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:

    Ақсу қаласының «Алғабас» ауылдық округі «Қанаш Қамзин» ауылдық округі және «Жолқұдық» ауылы «Қанаш Қамзин» ауылы болып қайта аталсын;

    Успен ауданы Ольгин ауылдық округі «Ольгин» ауылы «Қызылағаш» ауылы болып қайта аталсын.

    2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Павлодар облысының әкімі

    А. Байханов

    Облыстық мәслихаттың төрағасы

    И. Теренченко

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.