Ақсу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қазандағы «Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 505 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 қыркүйек 2023 ж.

    Ақсу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қазандағы «Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 505 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақсу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қазандағы «Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 505 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 24783 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгiзiлсiн:

    тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы»;

    1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.»;

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Б. Тынышбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.