Бұланды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 ақпандағы № 6С-9/9 «Бұланды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы № 6С-9/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5843 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16 -бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұланды аудандық мәслихатының төрағасы
Н.Сексенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.