Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Шахан кентінің құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 қыркүйек 2023 ж.

    Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Шахан кентінің құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 19 шілдедегі қорытындысы негізінде, Шахан кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, Шахан кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Шахан кентінің келесі құрамдас бөліктері:

    1) Добровольский көшесі - Кенесары Қасымұлы көшесіне;

    2) Спортивная көшесі - Тұран көшесіне;

    3) Суворов көшесі – Әділ Нұркенов көшесіне;

    4) Свердлов көшесі - Гүлдер көшесіне;

    5) Вишневая көшесі - Шиелі көшесіне;

    6) Строителей және Строительная көшелері - Бауыржан Момышұлы көшесіне;

    7) Старый Шахан, Совхозная, Центральная, Абай көшелері – Мәнжі батыр көшесіне.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Шахан кентінің әкімі

    Г.А.Умирбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.