Аққыстау ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 қыркүйек 2023 ж.

    Аққыстау ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы

    "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 22 маусымдағы қорытындысы негізінде және Аққыстау ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

    1. Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

    1) № 1 көшеге «Қуанғали Ихаровтың» есімі;

    2) № 2 көшеге «Мұхамеджан Тынышбайұлының» есімі;

    3) № 3 көшеге «Мақсұт Неталиевтың» есімі берілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Округ әкімі

    Г. Боранбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.