Аққулы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аққулы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Аққулы аудандық мәслихатының «Аққулы ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 196/39 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6304 болып тіркелген);
2) Аққулы аудандық мәслихатының «Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 сәуірдегі «Аққулы ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» № 196/39 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 38/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 158349 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққулы аудандық мәслихатының төрағасы
А. Касымова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.