«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі көшелеріне атаулар беру және қайта атау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 тамыз 2023 ж.

    «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі көшелеріне атаулар беру және қайта атау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ШЕШТІ:

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі көшелеріне атаулар беру және қайта атау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 11 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7471-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы»;

    көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі және 2022 жылғы 1 наурыздағы қорытындылары негізінде, Ильинка ауылдық округінің Ильинка, Александровка ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШТІ:»;

    көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Ильинка ауылдық округінің Ильинка ауылында қайта аталсын:

    Ленин көшесі Абай көшесіне;

    Киров көшесі А. С. Пушкин көшесіне.».

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Әкім

    Ж.Майнақов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.