Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Новодолинский кентінің құрамдас бөліктерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 19 шілдедегі қорытындысы негізінде, Новодолинский кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, Новодолинский кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Новодолинский кентінің келесі құрамдас бөліктері:
1) Октябрьская көшесін Григорий Потанин көшесіне;
2) Октябрьдің 41 жылдығы көшесін Сәкен Сейфуллин көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Новодолинский кентінің әкімі
Е. Исатаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.