Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылындағы құрамдас бөліктерді қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 тамыз 2023 ж.

    Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылындағы құрамдас бөліктерді қайта атау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Бесағаш ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

    1. Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылындағы келесі құрамдас бөліктер қайта аталсын:

    1) Бульварная 1-бұрылысы Береке бұрылысына;

    2) Бульварная 2-бұрылысы Күлтөбе бұрылысына;

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Бесағаш ауылдық округінің әкімі

    А. Абдумуталиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.