Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 қазан 2023 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

    2. Осы қаулы 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Ә. Смайылов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2023 жылғы « »

    № қаулысымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

    1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

    14-тармақта:

    234-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «234-1) сот-сараптама қызметі саласындағы кәсіби стандартты әзірлеу және бекіту;»;

    мынадай мазмұндағы 272-1), 272-2), 272-3), 272-4) және 272-5) тармақшалармен толықтырылсын:

    «272-1) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

    272-2) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;

    272-3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;

    272-4) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;

    272-5) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;».

    2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында: 

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақ мынадай мазмұндағы 758-71), 758-72), 758-73), 758-74), 758-75) және 758-76) тармақшалармен толықтырылсын:

    «758-71) әкімшілерге арналған кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту;

    758-72) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

    758-73) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;

    758-74) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;

    758-75) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;

    758-76) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;».

    4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақта:

    262) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «262) денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту;»;

    мынадай мазмұндағы 323-26), 323-27), 323-28), 323-29) және 323-30) тармақшалармен толықтырылсын:

    «323-26) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

    323-27) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;

    323-28) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;

    323-29) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

    323-30) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;».

    5. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:

    13-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «8-1) кәсіптік біліктілікті тану;»;

    15-тармақта:

    27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «27) білім, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;»;

    29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «29) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

    мынадай мазмұндағы 229-17), 229-18), 229-19), 229-20), 229-21), 229-22), 229-23), 229-24), 229-25), 229-26), 229-27) және 229-28) тармақшалармен толықтырылсын:

    «229-17) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын, сондай-ақ олардың үлгілік ережесін әзірлеу және бекіту;

    229-18) кәсіптер тізілімін қалыптастыру, өзектілендіру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

    229-19) кәсіптік біліктілікті тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

    229-20) кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, қолданылуын қайта бастау және тоқтату қағидаларын, сондай-ақ аккредиттеуден кейінгі шарттың үлгілік нысаны мен талаптарын әзірлеу және бекіту;

    229-21) біліктілік бағдарламаларын әзірлеу және бекіту қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

    229-22) салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

    229-23) Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, сүйемелдеу және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдауғы және өңдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

    229-24) Қазақстан Республикасының өңірлері арасында кәсіптік біліктілікті тануға арналған бір жолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

    229-25) ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тануда қажеттілігін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

    229-26) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;

    229-27) Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында бекітілген кәсіби стандарттардың тізбесін жүргізу;

    229-28) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның қызметін үйлестіру;».

    6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

    8. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақта:

    48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «48) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп формалды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

    49) тармақша алып тасталсын;

    мынадай мазмұндағы 177-17), 177-18), 177-19), 177-20), 177-21), 177-22) және 177-23) тармақшалармен толықтырылсын:

    «177-17) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандартты әзірлеу және бекіту;

    177-18) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

    177-19) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;

    177-20) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;

    177-21) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

    177-22) кәсіптік біліктілікті тану, білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;

    177-23) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;».

    9. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақта:

    76) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «76) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп формалды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

    мынадай мазмұндағы 235-30), 235-31), 235-32), 232-33), 235-34), 235-35) және 235-36) тармақшалармен толықтырылсын:

    «235-30) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, қосымша, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне арналған кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту;

    235-31) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

    235-32) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;

    235-33) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;

    235-34) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

    235-35) кәсіптік біліктілікті тану, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;

    235-36) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;».

    ________________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.