Шешімдердің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабынының 8-тармағына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма аудандық мәслихатының «Жарма ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 20/174-VI шешімінің және «Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 20/174-VI «Жарма ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» өзгеріс енгізу туралы» 2022 жылғы 4 наурыздағы № 13/219-VIІ шешімінің күштері жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарма аудандық мәслихатының төрағасы
М. Оспанбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.