Жетісу облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 қыркүйек 2023 ж.

    Жетісу облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

    «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9 тармағына, « Тұрғын үй қатынастары туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Жетісу облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. С. Канагатовқа жүктелсін (келісім бойынша).

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    Г. Тойлыбаева

    2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 7-44 шешіміне қосымша

    Жетісу облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

    1. Жетісу облысы бойынша тұрғын үй сертификаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бекітілген ипотекалық бағдарламалары және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді меншігіне сатып алу үшін бастапқы жарнасын жабуға 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден, бірақ бастапқы жарнаның көлемінен аспайтын мөлшерді құрайды.

    2. Жетісу облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бекітілген ипотекалық бағдарламалары, Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламалары талаптарына сәйкес келетін:

    Са­нат­тар бө­лі­ні­сін­де:
    1
    Об­лы­стың аудан (қа­ла) әкім­дік­те­рі­нің ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар­да ең­бек қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын, бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да­ғы пе­да­гог­тар;
    2
    Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­рын­да­ғы ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі;
    3
    Об­лыс ау­ма­ғын­да ең­бек қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер мен құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­кер­ле­рі;
    4
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы «Тұр­ғын үй қа­ты­на­ста­ры ту­ра­лы»  За­ңы­ның 68-ба­бын­да көр­се­ті­л­ген ха­лық­тың әле­умет­тік жа­ғы­нан осал топ­та­ры­на жа­та­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі­мен бе­кі­ті­л­ген ипо­те­ка­лық бағ­дар­ла­ма­ла­ры, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті­мен ай­қын­дал­ған тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на қа­ты­су­ға ни­ет біл­дір­ген аза­мат­тар жа­та­ды.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.