2023 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 тамыз 2023 ж.

    2023 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған:

    1) 2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

    2) 2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Алматы облысының әкімі

    М. Султангазиев

    Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 302 қаулысына 1 қосымша

    2023 жылға арналған басым дақылдардың субсидиялар нормалары

    р/с
    Ба­сым да­қыл­дар­дың ата­уы
    1 тон­на­ға ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­ның нор­ма­сы, тең­ге
    1
    Қант қы­зы­л­ша­сы
    25 000
    2
    Жү­ге­рі
    6 000
    3
    Май­бұр­шақ
    6 000
    4
    Мақ­са­ры
    6 000
    5
    Күн­ба­ғыс
    6 000
    6
    Рапс
    6 000

    Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 302 қаулысына 2 қосымша

    2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі

    р/с
    Об­лыс ата­уы
    Бюд­жет­тік суб­си­ди­я­ның кө­ле­мі, тең­ге
    1
    Ал­ма­ты об­лы­сы
    735 987 000
    Бар­лы­ғы
    735 987 000

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.