Шеңгелді ауылдық округі Кербұлақ ауылының көшелеріне қайта атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 қыркүйек 2023 ж.

    Шеңгелді ауылдық округі Кербұлақ ауылының көшелеріне қайта атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Кербұлақ ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 29 маусымдағы Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Кербұлақ ауылының келесі көшелері қайта аталсын:

    1) Бахтиярская көшесін «Бауыржан Момышұлы» көшесіне;

    2) Лермонтов көшесін «Әлия Молдағұлова» көшесіне;

    3) Молодежная көшесін «Абай Құнанбайұлы» көшесіне;

    4) Солнечная көшесін «Дінмұхамед Қонаев» көшесіне;

    5) Студенческая көшесін «Нұрғиса Тілендиев» көшесіне атауы берілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    Округ әкімі

    М. Жазиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.