2023 – 2024 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 қыркүйек 2023 ж.

    2023 – 2024 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Мыналар бекітілсін:

    1) осы қаулының 1-қосымшасы на сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2023 – 2024 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

    2) осы қаулының 2-қосымшасы на сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2023 – 2024 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.

    2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

    2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы

    М. Тасмағанбетов

    Солтүстік Қазақстан облысы

    әкімдігінің

    2023 жылғы 04 қыркүйек № 147

    қаулысына 1-қосымша

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2023 – 2024 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Білім беру саласының коды және атауы
    Даярлау бағытының коды және атауы
    Білім беру бағдарламалары топтарының атауы және нөмірі
    Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, күндізгі оқыту нысаны (орын, грант саны)
    Оқу жылында бір студентті оқытуға жұмсалатын шығынның орташа құны (ұлттық жоғары оқу орындарын қоспағанда) (теңге)
    1.
    6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
    6В021 Өнер
    B021 Орындаушылық өнер
    2
    922 500
    B023 Режиссура, арт-менеджмент
    1
    922 500
    B026 Композиция
    1
    922 500
    B027 Театр өнері
    2
    922 500
    B030 Бейнелеу өнері
    3
    922 500
    2.
    6B01 Педагогикалық ғылымдар
    6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
    B006 Музыка мұғалімдерін даярлау
    2
    901 000
    3.
    6В11 Қызмет көрсету
    6В111 Қызмет көрсету саласы
    B092 Тынығу
    7
    714 900
    Барлығы
    18

    Солтүстік Қазақстан облысы

    әкімдігінің

    2023 жылғы 04 қыркүйек № 147

    қаулысына 2-қосымша

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2023 – 2024 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Білім беру саласының коды және атауы
    Даярлау бағытының коды және атауы
    Резидентура бағдарламаларының медицина мамандықтарының тізбесі
    Жоғары білім негізіндегі мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, күндізгі оқыту нысаны
    (орын, грант саны)
    Оқу жылында бір студентті оқытуға жұмсалатын шығынның орташа құны (ұлттық жоғары оқу орындарын қоспағанда) (теңге)
    4 айға
    8 айға
    1.
    7R01
    Денсаулық сақтау
    (медицина)
    7R011
    Денсаулық сақтау
    Терапия
    2
    466 300
    932 600
    Физикалық медицина және оңалту
    (ересектер, балалар)
    2
    466 300
    932 600
    Радиология
    4
    466 300
    932 600
    Гастроэнтерология (ересектер, балалар)
    1
    466 300
    932 600
    Акушерия және гинекология (ересектер, балалар)
    11
    466 300
    932 600
    Кардиология (ересектер, балалар)
    6
    466 300
    932 600
    Жалпы хирургия
    7
    466 300
    932 600
    Ересектер онкологиясы
    2
    466 300
    932 600
    Педиатрия
    2
    466 300
    932 600
    Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)
    5
    466 300
    932 600
    Офтальмология (ересектер, балалар)
    2
    466 300
    932 600
    Неврология
    (ересектер, балалар)
    2
    466 300
    932 600
    Эндокринология (ересектер, балалар)
    1
    466 300
    932 600
    Травматология-ортопедия
    (ересектер, балалар)
    2
    466 300
    932 600
    Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)
    1
    466 300
    932 600
    Барлығы
    50

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.