«Отырар ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» Отырар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қарашадағы №451 қаулысының күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Отырар ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» Отырар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қарашадағы №451 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3451 тіркелген, 2015 жылғы 18 желтоқсандағы «Отырар алқабы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары П.Жаппарқұловқа жүктелсін.
Аудан әкімі
Е.Айтаханов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.