Көшелерге атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 қыркүйек 2023 ж.

    Көшелерге атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 22 маусымдағы қорытындысы негізінде, Кеңөзек ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

    1. Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округінің Өрлеу шағын ауданының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

    1) № 1 өткелге – Самұрық көшесі;

    2) № 2 өткелге – Қанағат көшесі;

    3) № 12 көшеге – Есенбай Әзбергенов көшесі.

    2. Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округінің Қайнар шағын ауданының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

    1) № 13 көшеге – Берке хан көшесі;

    2) № 16 көшеге – Қазыбек би көшесі;

    3) № 22 көшеге – Қажымұхан көшесі;

    4) № 24 көшеге – Бораш Боқыбаев көшесі;

    5) № 26 көшеге – Мұхамеджан Тынышбайұлы көшесі;

    6) № 32 көшеге – Әжіғали Өтеғалиев көшесі.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Кеңөзек ауылдық округі әкімі

    Е. Өтешқалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.