«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 тамыз 2023 ж.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11111 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидалары» осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

    М. Карабаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ғылым және жоғарғы білім министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Мәдениет және спорт министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Оқу-ағарту министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Төтенше жағдайлар министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Экология және табиғи ресурстар министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Индустрия және

    инфрақұрылымдық

    даму министрінің

    2023 жылғы 25 тамыздағы

    № 598 Бұйрыққа

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2015 жылғы 20 наурыздағы

    № 244 бұйрығымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсыну тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

    1) атқарушы түсірілім – негізгі мазмұны құрылыс конструкциялары мен технологиялық жабдықтардың бөлшектеу осьтеріне қатысты нақты орналасуын анықтау болып табылатын процесс;

    2) аумақтың кадастрлық жоспары – таңдалған аумақтар шегінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектісінің техникалық сипаттамалары (алаңның координаттары, шекаралары, қала құрылысы регламенттері) туралы ақпаратты графикалық және мәтіндік түрде бейнелейтін жоспар;

    3) географиялық ақпараттық жүйе – жер, жер бетінің объектілері, табиғи, техногендік және қоғамдық процестер туралы кеңістіктік ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, модельдеуді, сақтауды, таратуды және өзге де пайдалануды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

    4) кадастрлық анықтама – қала құрылысы кадастрының сұрау салынатын ресми мәліметтерін қамтитын және белгілі бір аумақта қолданылатын қала құрылысы регламенттерін, қала құрылысы қызметін жүзеге асыру жағдайларын, жер учаскелерін және оларда орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалану жөніндегі талаптар мен шектеулерді, басқа анықтамалық мәліметтерді сипаттайтын құжат;

    5) кезекші топографиялық жоспар – бұл мемлекеттік қала құрылысы кадастрының құрамдас бөлігі болып табылатын және ғимараттар мен құрылыстар, инженерлік инфрақұрылым, жоспарланған құрылыс объектілері, абаттандыру, көше-жол қозғалысы объектілері, көлік желісі объектілері туралы мәліметтерді қамтитын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін іске асыруға мониторинг жүргізуге арналған цифрлық картографиялық негіз;

    6) Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі – картографиялық және атрибутивтік кеңістікте үйлестірілген деректерді (геокеңістік деректерін) жинауды, сақтауды, өңдеуді, қол жеткізуді, бейнелеуді және таратуды қамтамасыз ететін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мамандандырылған ақпараттық жүйесі;

    7) Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының есепке алу бірліктері – көлемдік, жазықтық және сызықтық құрылыстардың барлық түрлерін қоса алғанда, жалпы Қазақстан Республикасының, облыстардың, аудандардың, елді мекендердің, жылжымайтын мүлік объектілерінің ұйымдастырылған және пайдаланылатын аумағының элементтері;

    8) Мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесінің ақпараттық ресурстары – бұл жобалау алдындағы, жобалау және қала құрылысы құжаттамасы, тақырыптық базалардың ақпараттық қабаттары, топографиялық және атқарушылық түсірілімдер;

    9) топографиялық жоспар – шегінде деңгейлік бетінің қисықтығы есепке алынбайтын, жергілікті жердің шектелген учаскесінің жазықтықта белгілі бір масштабта ортогоналды проекцияда картографиялық бейнеленуі;

    10) топографиялық карта – классификатор мен шартты белгілерді қолдана отырып, жер бетіндегі нүктелердің жоспарлы да, биіктік те жағдайын айқындауға мүмкіндік беретін белгілі бір масштабтағы жергілікті жердің егжей-тегжейлі картографиялық бейнесі;

    3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры мемлекеттік органдарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, жеке және заңды тұлғаларды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған.

    4. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 736 қаулысымен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (бұдан әрі – Кәсіпорын) жүзеге асырылады.

    5. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының геоақпараттық дерекқоры қолданыстағы, жоспарланып және жобаланып отырған құрылыс (реконструкция) объектілері туралы кеңістік ақпаратын қамтиды, «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданатын координаталардың үшөлшемді жүйесінде қала құрылысы кадастрының республикалық, облыстық, аудандық, базалық деңгейлерінің есепке алу бірліктерін жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесіне сәйкес цифрлық нысанда жасалады.

    6. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры аумақтардың, ғимараттар мен құрылыстардың, шағын сәулет нысандары мен абаттандыру элементтерінің бұрынғы және қазіргі жағдайы туралы, сондай-ақ аумақтар мен елді мекендерді дамыту мен салуды қала құрылыстық жоспарлау туралы мәліметтерді, аумақтар мен объектілердің тиісті функционалдық аймақтарға тиесілілігі, олардың қазіргі кездегі және келешектегі мақсаты, экологиялық, инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық және сейсмикалық жағдайлары, инженерлік қамтамасыз ету туралы мәліметтерді қамтиды. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.

    2-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу тәртібі

    7. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізу Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

    8. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құрған кезде Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне арналған ақпараттық ресурстарды, оның ішінде:

    1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган – жергілікті жер объектілерінің өзгерісіне әкеп соқтырған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты;

    2) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру объектілері (нақты және жобаланатын) туралы ақпаратты;

    3) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган – ғылым және жоғары білім беру объектілері (нақты және жобаланатын) туралы ақпаратты;

    4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган – денсаулық сақтау объектілері туралы ақпаратты;

    5) жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) – құрылыс, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, тарихи-мәдени мұра, аумақты абаттандыру салаларындағы мәліметтерді;

    6) сәулет және қала құрылысы саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері – қала құрылысы жобаларын, құрылыс жобаларын әзірлеу кезіндегі бастапқы материалдарды:

    сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ);

    техникалық шарттар (бұдан әрі – ТШ);

    жолдар мен көшелердің көлденең профильдері;

    тік жоспарлау белгілері;

    егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан үзінді көшірмелерін;

    сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары;

    реконструкциялауға арналған бастапқы деректер:

    көтергіш және қоршау (сыртқы) конструкцияларының, инженерлік жүйелер мен жабдықтарың өзгеруіне байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО шешімі;

    СЖТ;

    техникалық шарттарды (өтініш беруші инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға техникалық шарттар үшін сауалнама парағын берген кезде);

    сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемаларыг (өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде);

    келісілген эскиздік жоба, топографиялық түсірілім, атқарушылық түсірілімді қоса берумен объектілерді пайдалануға қабылдау актісі, қала құрылысы жобалары, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мәліметтерды;

    7) барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын және құрылыс жобасына ведомстводан тыс сараптаманы жүргізетін сараптамалық ұйымдар – қала құрылысы жобалары, жобалау құжаттамасы (сметалық бөлімсіз) және кешенді қала құрылысы және ведомстводан тыс сараптамадан өткен, қала құрылысы жобалары мен құрылыс жобалары сараптамасының оң қорытындыларын;

    8) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган – мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрынан деректерді (Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар кен орындары мен көріністерінің электрондық нұсқалары, анықтамалық ақпарат);

    9) реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері:

    резерв; орнатылған қуаты және (немесе) сыйымдылығы; бос және қолжетімді қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың болуы; желілердің өткізу қабілеттері; орналасқан жері (елді мекеннің көшелерінің атауын көрсете отырып); ұзындығы; брондалған қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың саны және олардың брондау мерзімдері; түпкілікті тұтынушыларға қызмет көрсету үшін технологиялық процесте пайдаланылатын бос емес қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың саны туралы ақпаратты;

    осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес техникалық сипаттамалары бар, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемаларын;

    10) көлік саласындағы уәкілетті орган – құрылыс және көлік инфрақұрылымын (нақты және жобалау) пайдалану саласындағы қызмет туралы ақпаратты;

    11) су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған ортаны қорғау, орман қоры саласындағы уәкілетті орган – экологиялық ахуал, су және орман қоры, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ақпаратты;

    12) мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының мәдениет, спорт және тарихи-мәдени мұра объектілері жөнінде ақпаратты;

    13) салалық кадастрлық және инфрақұрылымдық қызметтер – салалық кадастрлардың, тіркелімдердің, деректер банктерінің деректерін;

    14) электр энергетикасы мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – электр энергетикасы объектілері туралы ақпаратты машинамен оқылатын түрде, ақпараттық жүйелердің интеграциялық өзара іс-қимылы арқылы немесе құрылымдалған түрде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолжетімді құралдары мен әдістері арқылы беретін базалық субъектілер айқындалады.

    9. Сәулет және қала құрылысы саласындағы ЖАО-ның құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесінде кезекші топографиялық жоспарды жүргізеді, оны жаңарту және өзгерту тұрақты негізде жүзеге асырылады.

    Кезекші топографиялық жоспар объектінің толық өмірлік циклінің құжаттарымен объектілік түрде жүргізіледі.

    10. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық субъектілерінен келіп түсетін мәліметтер мен құжаттарды қалыптастыру және өзектілендіру, жүйеге келтіру, жинақтау және тіркеу жолымен, оның ішінде электрондық үкімет шлюзінің байланыс арналары мен Smart Bridge ингерациялық сервистер көрмесінің көмегімен және екіжақты қауіпсіз байланыс арналарын құру жолымен ақпараттық жүйелердің интеграциялық өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылады.

    11. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры деңгейлер бойынша:

    1) республикалық;

    2) облыстық;

    3) облыстағы аудандық;

    4) базалық (республикалық маңызы бар қаланы және астананы қоса алғанда, елді мекендер) болып бөлінеді.

    12. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесінің республикалық деңгейі:

    1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының тақырыптық (Агроөндіріс, Өнеркәсіп, Су ресурстары, Индустриялық-инвестициялық жобалар, Минералдық-шикізат ресурстары, Көлік инфрақұрылымы, Экологиялық ахуал, Энергиямен жабдықтау, Қала құрылысы жобалары) дерекқорларына сәйкес аумақтарды пайдалану мәселелері бойынша салалық ресурстардың, кадастрлар мен ақпараттық жүйелердің деректері;

    2) жалпымемлекеттік маңызы бар қала құрылысы жобалары;

    3) мемлекеттік жер кадастрының деректері негізінде мемлекеттік шекара және әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекаралары;

    4) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының төмен тұрған аумақтық деңгейлерінің дерекқоры туралы ақпаратты және (немесе) мәліметтерді қамтиды.

    13. Облыстық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесіне:

    1) өңірлік маңызы бар қала құрылысын жоспарлау жобалары;

    2) мемлекеттік жер кадастры деректерінің негізінде әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекаралары туралы мәліметтер енгізіледі.

    14. Аудандық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесіне:

    1) аудандық маңызы бар қалалардың, қалалық типтегі кенттер мен ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының;

    2) аумақтарды пайдалану, аудан аумағын кадастрлық, экологиялық, инженерлік-геологиялық, сейсмикалық, гидрогеологиялық және басқа аудандарға бөлу мәселелері бойынша салалық кадастрлар мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық ресурстарының;

    3) елді мекендер шегінен тыс орналасқан аудандық маңызы бар объектілері бар аудан аумағы мен аумақтың жекелеген бөліктерін жоспарлау схемалары туралы;

    4) мемлекеттік жер кадастры деректерінің негізінде ауданның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекаралары туралы мәліметтер енгізіледі.

    15. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық деңгейі мына ақпаратты және (немесе) мәліметтерді қамтиды:

    1) базалық деңгей құрылымы бойынша кеңістіктік және атрибутивтік деректер:

    елді мекеннің және оның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекаралары;

    ғимараттар мен құрылыстар, олардың құқықтық режимі, техникалық жай-күйі, сәулеттік және тарихи-мәдени құндылығы;

    инженерлік инфрақұрылымдар (энергиямен жабдықтау, газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, телекоммуникация);

    көлік инфрақұрылымы;

    гидрография және гидротехникалық құрылыстар;

    өсімдіктер объектілері мен топырақтар;

    өндірістік инфрақұрылым;

    ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық объектілер;

    жол қозғалысы объектілері;

    елді мекендерді абаттандыру объектілері.

    2) қала құрылысы жобалары мен құрылыс жобалары бойынша бастапқы материалдар:

    СЖТ;

    ТШ;

    жолдар мен көшелердің көлденең профильдері;

    тік жоспарлау белгілері;

    егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан үзінді көшірме;

    сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары;

    реконструкциялауға бастапқы материалдар:

    көтергіш және қоршау (сыртқы) конструкцияларының, инженерлік жүйелер мен жабдықтарың өзгеруіне байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО шешімі;

    СЖТ;

    ТШ;

    сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары (өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде);

    келісілген эскиздік жоба;

    3) елді мекендерді дамыту мен салудың қала құрылысы жобалары;

    4) кешенді ведомстводан тыс және қала құрылысы жобалары сараптамасының оң қорытындылары;

    5) инженерлік-геодезиялық зерттеулердің материалдары (топографиялық және атқарушылық түсірілім);

    6) атқарушылық түсірілім, қала құрылысы жобалары, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мәліметтер қоса берілген объектілерді пайдалануға қабылдау актісі;

    7) жер учаскелерін таңдау актілері;

    8) табиғи, техногендік, антропогендік сипаттағы әсерлерге ұшыраған елді мекендер, орын алған қауіпті (зиянды) құбылыстар мен процестер мониторингінің нәтижелері;

    9) топографиялық карталар мен жоспарлар, инженерлік-көліктік инфрақұрылым саласындағы пайдалану қызметтерінің деректері, құрылысы аяқталған инфрақұрылым объектілерінің инженерлік-геодезиялық атқарушылық түсірілімдерінің нәтижелері негізінде инженерлік-көлік инфрақұрылымы;

    10) кезекші топографиялық жоспарлар және топографиялық карталар.

    16. Кәсіпорын мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесін жүргізу және сүйемелдеу шеңберінде:

    1) салалық кадастрлармен, тізілімдермен және ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу және ақпарат алмасу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;

    2) ақпаратты сақтау және мұрағаттау жүйелеріне қызмет көрсетуді;

    3) кадастрлық жүйеге санкцияланған қатынасты қамтамасыз етуді;

    4) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу құралдарын дамыту мен жетілдіруді;

    5) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің үлгілік әдістемелік және нормативтік құжаттарын бейімдеу мен толықтыруды;

    6) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бағдарламалық және техникалық құралдарына қызмет көрсетуді;

    7) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық ресурстарына санкцияланған қатынас шегінде пайдаланушылардың сұратуларына кадастрлық анықтамалар қалыптастыруды және оларды беруді;

    8) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауды және мемлекеттік қала құрылысы кадастрында толтыру үшін ақпаратты олардан тұрақты түрде алуды;

    9) кадастрлық істерді қалыптастыру және сақтауды;

    10) мемлекеттік нормативтерге сәйкес ақпаратты санкцияланбаған қатынастан қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;

    11) мемлекеттік қала кадастрын, кезекшілік жоспарларын және топографиялық карталарды жүргізу;

    12) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық субъектілерімен мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттар жүйесіне (бұдан әрі – МҚҚК ААЖ) қол жетімділікті ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде кезекшілік топографиялық жоспарды жүргізу үшін;

    13) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру шеңберінде (өз қажеттіліктері үшін) жобалау-іздестіру жұмыстарын (инженерлік-геодезиялық ізденістер, цифрлық жоспарлы негізді құру) қамтамасыз етеді.

    17. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары кадастрлық ақпараттың пайдаланушылары болып табылады.

    18. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының деректерi:

    1) қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасын әзірлеу және іске асыру;

    2) жылжымайтын мүлік объектілерін дамыту және өзгерту;

    3) жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді жүзеге асыру, оны тіркеу;

    4) инвестициялық қызметті бағалау;

    5) қала құрылысы және сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру;

    6) сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау;

    7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жеке және заңды тұлғаларға міндетті қызметтер көрсетуі;

    8) өңірдің аумағында объектілерді орналастыруды мониторингілеу және есепке алу құралы ретінде қала құрылысын жоспарлау кезінде пайдаланылады.

    3-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізу үшін ақпаратты және (немесе) мәліметтерді ұсыну тәртібі

    19. Базалық субъектілердің мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесіне ақпарат және (немесе) мәліметтер беру тәсілдері «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша нормативтік құжат» (ҚР ҚН 9.01-01-2022) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 2 қарашадағы № 201-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі нормативтік құжатта көзделген.

    20. Ақпаратты және (немесе) мәліметтерді ұсынуды мемлекеттік қала құрылысы кадастрының:

    осы Қағидалардың 8-тармағының 6), 7) және 9) тармақшаларында – МҚК ААЖ-ға қол жетімділік және/немесе интеграция арқылы күнделікті негізде;

    5) тармақшада - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей ұсынады. Берілген жер учаскелері бойынша деректер жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы тұрақты негізде беріледі;

    осы Қағидалардың 8-тармағының 1), 2), 3), 4), 8), 10), 11), 12) және 14) тармақшаларында ақпараттық жүйелердің интеграциялық өзара іс-қимылы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолжетімді құралдары мен әдістері, ақпараттық жүйе болмаған кезде Кәсіпорынмен жазбаша сұрау жолдау арқылы тұрақты негізде береді.

    21. Қала құрылысы жобаларының, оның ішінде бас жоспарлардың, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының бастапқы материалдары «Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 706 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12414 болып тіркелген) Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізгенге дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізіледі.

    22. Тапсырыс берушілердің DWF, DXF, TXF/SXF, TAB, MIF, MID және DAT цифрлық форматында құрылыс жұмыстары жүргізілгенге дейін құрылыс объектілері мен инженерлік желілердің топографиялық түсірілімдерін және объектінің құрылысы аяқталғаннан кейін инженерлік желілердің және/немесе ғимараттардың (құрылыстардың) нақты жағдайының атқарушылық геодезиялық түсірілімдерін ұсынуы.

    23. Тапсырыс берушілер мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізілген ақпаратты және (немесе) мәліметтерді тіркеуді «Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 172/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9603 болып тіркелген) және «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13550 болып тіркелген) сәйкес ақылы түрде жүргізіледі.

    4-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан мәліметтер беру тәртібі

    24. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізілген ақпарат және (немесе) мәліметтер МҚК ААЖ арқылы:

    1) аумақтың кадастрлық жоспары;

    2) Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының есепке алу бірліктері туралы кадастрлық анықтама;

    3) МҚК ААЖ арқылы ақпараттық ресурстарға қол жеткізу түрінде ұсынылады.

    25. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын мәліметтері мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде беріледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға міндетті көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтерін ұсыну осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен тегін негізде жүзеге асырылады.

    Кәсіпорын сұрау салуды алған күннен бастап мәліметтерді ұсыну мерзімі 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды.

    26. Кәсіпорын «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды білдіретін деректерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың (объектілердің және инженерлік желілердің меншік иелері, тапсырыс берушілері, құрылыс салушылары) сұраулары бойынша береді.

    Мәліметтерді ұсыну мерзімі кәсіпорын сұранымды және төлемді алған күннен бастап 5 (бес) күн мерзімді құрайды.

    27. Кәсіпорын деректер қорын толтыру және инженерлік-геодезиялық ізденістердің нәтижелерін салыстыру үшін «Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 776 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19498 болып тіркелген) сәйкес жобалау-іздестіру жұмыстарын (өз мұқтаждары үшін) жүзеге асырады.

    28. Егер сұратылып отырған мәліметтерді «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беруге жол берілмесе немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрында сұратылатын мәліметтер болмаса, Кәсіпорын 3 (үш) жұмыс күні ішінде сұратылған мәліметтерді беруден бас тарту туралы негізді шешімді не сұратылатын мәліметтердің Мемлекеттік қала құрылысы кадастрында жоқ екені туралы хабарламаны жібереді.

    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларына

    қосымша

    Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемаларының техникалық сипаттамалары

    1. Энергиямен жабдықтау

    1-кесте – Энергиямен жабдықтау. Күрделі конструкцияларының электр фермалары

    Ор­на­лас­қан же­рі
    Сым бел­гі­сі, м
    Ті­рек­тің би­ік­ті­гі, м
    Ті­рек ма­те­ри­а­лы
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Ко­ор­ди­нат­та­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    2-кесте – Энергиямен жабдықтау. Энергиямен жабдықтаудың кабельдік желілері
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Кер­неу, вольт
    Ка­бель­дің ти­пі
    Ка­бель­дің ұзынды­ғы, м
    Би­ік­тік бел­гі­сі, м
    Қо­сал­қы стан­ция кө­зі­нен
    Құ­ры­лым­нан қо­рек­те­не­т­ін­дер
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    9
    10
    11
    3-кесте – Энергиямен жабдықтау. Электрмен жабдықтау желілерінің құдықтары
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Құ­дық қақ­па­ғы­ның бел­гі­сі, м
    Құ­дық тү­бі­нің бел­гі­сі, м
    Ка­бель­дің үстің­гі бел­гі­сі, м
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    4-кесте – Энергиямен жабдықтау. Энергиямен жабдықтаудың әуе желілері
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Же­лі­нің тү­рі
    Кер­неу, вольт
    Сым­дар­дың тү­рі
    Сым­дар­дың са­ны
    Би­ік­тік бел­гі­сі, м
    Ғи­ма­рат­тың нө­мі­рі
    Қо­рек­тен­ді­ре­тін қо­сал­қы стан­ция
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    5-кесте – Энергиямен жабдықтау. Электрмен жабдықтау желілерінің тіректері
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Кер­неу, вольт
    Ті­рек ма­те­ри­а­лы
    Сым­ның бел­гі­сі,
    Жер­дің би­ік­тік бел­гі­сі, м
    Ті­рек­тің би­ік­ті­гі, м
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Ко­ор­ди­нат­та­ры, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    6-кесте – Энергиямен жабдықтау. Төмендету және тарату қосалқы станциялары
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Қо­сал­қы стан­ци­я­ның тү­рі
    Қо­сал­қы стан­ци­я­ның нө­мі­рі
    Кө­ше
    Ғи­ма­рат­тың нө­мі­рі
    Бе­кі­ті­л­ген қу­а­ты, кВА
    Бос то­лық транс­фор­ма­тор­лық қу­ат, кВА
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    6-кестенің жалғасы
    Же­ке тұ­лға­лар або­нент­те­рі­нің са­ны
    Заң­ды тұ­лға­лар або­нент­те­рі­нің са­ны
    Қу­ат­тың қал­ды­ғы, %
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­та­ры, Х,У
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    2. Газбен жабдықтау
    7-кесте – Газбен жабдықтау. Газ реттеу пункттері
    Орналасқан жері
    Жұмыс қысымы, МПа – кіріс
    Жұмыс қысымы, МПа - шығыс
    Атауы
    nullБас газ реттеу пункті (БГРП)
    Реттегіш түрі
    Байланыстыру
    nullГаз тарату станциясына (ГТС)
    Азайту сызықтарының саны
    Жобалық өнімділік, м3/сағ
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    7-кестенің жалғасы
    Ор­на­ты­л­ған қу­ат, м3/сағ
    Қу­ат қал­ды­ғы, м3/ч
    Сый­ым­ды­лық кө­ле­мі, л
    Хи­ми­я­лық қор­ға­ныс
    Сый­ым­ды­лық­тар са­ны
    Ре­дук­ци­я­лық ба­стар са­ны
    Жаб­дық­тал­ған үй­лер
    Пәтер­лер са­ны
    Же­ра­с­ты құ­быр­ла­ры­ның ұзынды­ғы, м
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    7-кестенің жалғасы
    Қа­с­бет­тік құ­быр­лар­дың ұзынды­ғы, м
    Күр­де­лі жөн­деу жы­лы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    18
    19
    20
    21
    22
    8-кесте – Газбен жабдықтау желілерінің павильоны
    Орналасқан жері
    Меншік иесі, теңгерім ұстаушы
    Пайдалануға берілген күні
    Координаттар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    9-кесте – Сыйымдылығы (газгольдер, резервуар)
    Орналасқан жері
    Сыйымдылық көлемі, л
    Меншік иесі, теңгерім ұстаушы
    Пайдалануға берілген күні
    Координаттар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    10-кесте – Газбен жабдықтау құбырлары
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Құ­быр диа­мет­рі, мм
    Құ­быр ма­те­ри­а­лы
    Қы­сым, Мпа
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    3. Су бұру жүйесі
    11-кесте – Су бұру жүйесінің құдықтары
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Құ­дық тү­рі
    Мақ­са­ты
    Құ­дық­тың люк бел­гі­сі, м
    Құ­дық­тың тү­бін бел­гі­леу, м
    Су ба­су
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    12-кесте – Кәріз желілерінің камералары
    Орналасқан жері
    Жағдайы
    Меншік иесі, теңгерім ұстаушы
    Пайдалануға берілген күні
    Координаттар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    13-кесте – Септиктер
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Құ­дық тү­рі
    Құ­дық­тың люк бел­гі­сі, м
    Құ­дық­тың тү­бін бел­гі­леу, м
    Су ба­су
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    14-кесте – Сорғы станциялары
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Ғи­ма­рат тү­рі
    Жо­ба­лық өнім­ді­лік, м3/ч, м3/сут
    Бе­кі­ті­л­ген қу­ат, м3/ч, м3/сут
    Қу­ат қал­ды­ғы, м3/сағ., м3/тәул.
    Жет­кі­зу құ­быр­ла­ры­ның са­ны
    Бұ­ру құ­быр­ла­ры­ның са­ны
    Ор­на­ты­л­ған сор­ғы­лар са­ны
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    14-кестенің жалғасы
    Жұ­мыс сор­ғы­сы­ның мар­ка­сы
    Ре­зерв­тік сор­ғы мар­ка­сы
    Тең­ге­рім­ге қа­был­дан­ған жы­лы
    Же­ке тұ­лға­лар або­нент­те­рі­нің са­ны
    Заң­ды тұ­лға­лар або­нент­те­рі­нің са­ны
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    15-кесте – Кәріз желілерінің құбыры
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Диа­метр, мм
    Объ­ек­ті­нің жа­тыс те­рең­ді­гі, м
    Тең­ге­рім­ге қа­был­дан­ған жы­лы
    Ма­те­ри­ал
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    16-кесте – Кәріз камерасының люгі
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Люк би­ік­ті­гі, м (Тү­бі­нің бел­гі­сі)
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    4. Көшені жарықтандыру
    17-кесте – Сыртқы жарықтандыру шамдары
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Ті­рек­тер­дің би­ік­ті­гі, м
    Қо­сы­лу нүк­те­сі
    Сым­ның мар­ка­сы
    Ка­бель мар­ка­сы
    Тір­кеу нө­мі­рі
    Қу­ат, Вт
    Ор­на­ты­л­ған жы­лы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    17-кестенің жалғасы
    Ті­рек ма­те­ри­а­лы
    Ор­на­ту әді­сі
    Қа­лақ­ша са­ны
    Жа­рық­тан­ды­ру тү­рі
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    18-кесте – Көшені жарықтандырудың қоректендіру кабельдерін (жерасты)
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Же­лі қу­а­ты, Вт
    Ор­на­ты­л­ған жы­лы
    Ті­рек­тер­дің би­ік­ті­гі, м
    Ен­гі­зу нүк­те­сі
    Ка­бель мар­ка­сы
    Тө­сеу әді­сі
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    19-кесте – Көшені жарықтандырудың қоректендіру желілері (әуе)
    Орналасқан жері
    Орнатылған жылы
    Тіректердің биіктігі, м
    Енгізу нүктесі
    Сымның маркасы
    Жағдайы
    Меншік иесі, теңгерім ұстаушы
    Пайдалануға берілген күні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    20-кесте – Сыртқы жарықтандырудың қоректендіру желілерінің тіректері
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Ті­рек тү­рі
    Ре­кон­струк­ци­я­лау кү­ні
    Сым бел­гі­сі
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    5. Су бұру
    21-кесте – Нөсерлі кәріз желілерінің құдықтары мен торлары
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Ша­ғын аудан
    Ма­те­ри­ал
    Мақ­са­ты
    Дөң­ге­лек диа­мет­рі тү­рі
    Ара­жа­бын диа­мет­рі­нің тү­рі
    Тү­бі­нің диа­мет­рі­нің тү­рі
    Люк­тің тү­рі
    Люк­тің мар­ка­сы
     1
    2
    21-кестенің жалғасы
    Диаметр, мм,
    Науаның белгісі, теңіз деңгейінен м
    Құбыр белгісі, м
    Жағдайы
    Меншік иесі, теңгерім ұстаушы
    Пайдалануға берілген күні
    Координаттар, Х,У
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    22-кесте – Нөсерлі кәріз науалары
    Орналасқан жері
    Объектінің материалы
    Объектінің тереідігі, м
    Жағдайы
    Меншік иесі, теңгерім ұстаушы
    Пайдалануға берілген күні
    Координаттар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    23 -кесте – Нөсер кәрізінің тұндырғыштары
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Ша­ғын аудан
    Құ­быр­ды тө­гу бел­гі­сі, м
    На­у­а­ны тө­гу бел­гі­сі, м
    Қа­был­дау бел­гі­сі, м
    Тү­бі­нің бел­гі­сі, м
    Жо­ғар­ғы бе­ті­нің бел­гі­сі, м
    Еңіс ма­те­ри­ал­да­ры
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    24-кесте – Нөсер кәрізінің сорғы станциясы
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Ғи­ма­рат тү­рі
    Жет­кі­зу құ­быр­ла­ры­ның са­ны
    Бұ­ру құ­быр­ла­ры­ның са­ны
    Жо­ба­лық өнім­ді­лік, м3/сағ, м3/тәул
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    25-кесте – Нөсер кәрізінің құбыржолы
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Ре­кон­струк­ци­я­лау кү­ні
    Құ­быр ма­те­ри­а­лы
    Учас­ке­де­гі диа­мет­рі, мм
    Кел­те­құ­быр гиль­за­сы­ның бо­луы
    Бай­ла­ныс тү­рі
    Диа­метр­дің ауы­суы
    Түй­ін тү­рі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    25-кестенің жалғасы
    Кі­ріс диа­мет­рі, мм
    Би­ік­тік бел­гі­сі, м
    Учас­ке
    Мақ­сат тү­рі
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    26-кесте – Дренажды кәріз құдықтары
    Орналасқан жері
    Құдық түбін белгілеу, м
    Жағдайы
    Меншік иесі, теңгерім ұстаушы
    Пайдалануға берілген күні
    Координаттар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    6. Байланыс және телекоммуникация объектілері
    27-кесте – Телефон құдығы
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Тип
    Құ­быр­дың жо­ғар­ғы бел­гі­сі, м
    Құ­дық­тың тү­бін бел­гі­леу, м
    Су ба­су
    Ғи­ма­рат нө­мі­рі
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    28-кесте – Телефон кәрізі
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Тип
    Са­ны
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7. Жылумен жабдықтау.
    29-кесте – Жылумен жабдықтау көзі
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Көз ата­уы
    Көз тү­рі
    Ор­на­ты­л­ған жы­лу қу­а­ты, Гкал/ сағ
    Ие­лік жы­лу қу­а­ты, Гкал/ сағ
    Жы­лу ірік­теу қу­а­ты, Гкал/сағ
    Шың қа­зан­дық­та­ры­ның жы­лу қу­а­ты ор­на­ты­л­ған, Гкал/ сағ
    Шың қа­зан­дық­та­ры­ның жы­лу қу­а­ты ие­лік, Гкал/ сағ
    Же­лі­лік жы­лыт­қы­штар­дың жы­лу қу­а­ты 1, Гкал/ сағ
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    29-кестенің жалғасы
    Же­лі­лік жы­лыт­қы­штар­дың жы­лу қу­а­ты 2, Гкал/ сағ
    Же­лі­лік жы­лыт­қы­штар­дың жы­лу қу­а­ты 1, Гкал/ сағ
    Же­лі­лік жы­лыт­қы­штар­дың жы­лу қу­а­ты 2, Гкал/ сағ
    Же­ке тұ­лға­лар або­нент­те­рі­нің са­ны
    Заң­ды тұ­лға­лар або­нент­те­рі­нің са­ны
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    30-кесте – Жылумен жабдықтау желілерін босату және көтеру камералары
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Объ­ек­ті­нің жа­тыс те­рең­ді­гі, м
    Құ­быр диа­мет­рі, мм
    Ма­те­ри­ал
    Жа­бын ма­те­ри­а­лы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    31-кесте – Жылумен жабдықтау желілерінің арналары
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Диа­метр
    Дре­на­ж­дық же­лі­лер
    Тө­сеу әді­сі
    Ар­на тү­рі
    Ма­те­ри­ал
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    32-кесте – Жылумен жабдықтау желілерінің құдықтары
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Объ­ек­ті­нің жа­тыс те­рең­ді­гі, м
    Диа­метр
    Құ­дық­тың тү­бін бел­гі­леу, м
    Ма­те­ри­ал
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    33-кесте – Жылумен жабдықтау желілері павильонының люгі
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    34-кесте – Жылумен жабдықтау желілерінің сорғы станциялары
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Қу­ат қал­ды­ғы, м3/сағ, т/тәул.
    Өнім­ді­лік м3/сағ, т/тәул.
    Мак­си­мал­ды өнім­ді­лік, т/сағ
    Қоз­ғалт­қыш қу­а­ты, КВт
    Бе­ру­де­гі сор­ғы­лар­дың са­ны
    Өң­де­уде­гі сор­ғы­лар­дың са­ны
    Сор­ғы тү­рі
    Жұ­мыс то­гы
    Транс­фор
    ма­тор­лы
    кі­ші стан­ци­я­сы­нан қо­сы­лу
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    35-кесте – Жылу камералары, павильондар
    Ша­ғын аудан
    Ысыр­ма­лар са­ны
    Ысыр­ма диа­мет­рі, мм
    Люк­тің жо­ғар­ғы жа­ғы­нан тө­мен­гі жа­ғы­на дей­ін­гі те­рең­дік, м
    Люк­тер­дің нақ­ты са­ны
    Қол­да­ны­с­та­ғы люк­тер са­ны
    Дре­на­ж­дық құ­дық­тар са­ны
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    35-кестенің жалғасы
    Өл­шеу нүк­те­ле­рі­нің са­ны
    Өл­шеу нүк­те­ле­рі­нің си­патта­ма­сы
    Құ­ры­лым тү­рі
    Ка­ме­ра тү­бі
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    36 -кесте – Жылумен жабдықтау құбырлары
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Жы­лу­мен жаб­дық­тау кө­зі
    Құ­быр ма­те­ри­а­лы
    Трас­са учас­ке­сі­нің ата­уы
    Жет­кі­зу құ­бы­ры­ның нө­мі­рі
    Жет­кі­зу құ­бы­ры­ның мақ­са­ты
    Жет­кі­зу құ­бы­ры­ның диа­мет­рі, мм
    Жет­кі­зу құ­бы­рын тө­сеу әді­сі
    Жет­кі­зу құ­бы­рын оқ­ша­у­лау ма­те­ри­а­лы
    Жет­кі­зу құ­бы­ры­ның жо­ғар­ғы оқ­ша­у­лау қа­ба­ты­ның ма­те­ри­а­лы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    36-кестенің жалғасы
    Жет­кі­зу құ­бы­ры­ның оқ­ша­у­ла­у­ын мон­таж­дау жы­лы
    Жет­кі­зу құ­бы­ры­ның тем­пе­ра­ту­ра­сы, Co
    Жет­кі­зу құ­бы­ры­ның қы­сы­мы, Мпа
    Ке­рі құ­быр нө­мі­рі
    Ке­рі құ­быр­дың мақ­са­ты
    Ке­рі құ­быр­дың диа­мет­рі, мм
    Ке­рі құ­бы­рын тө­сеу әді­сі
    Құ­быр­ды оқ­ша­у­лау ма­те­ри­а­лы
    Ке­рі құ­бы­ры­ның жо­ғар­ғы оқ­ша­у­лау қа­ба­ты­ның ма­те­ри­а­лы
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    36-кестенің жалғасы
    Ке­рі құ­бы­ры­ның оқ­ша­у­ла­у­ын мон­таж­дау жы­лы
    Ке­рі құ­бы­ры­ның тем­пе­ра­ту­ра­сы, Co
    Ке­рі құ­быр қы­сы­мы, Мпа
    Құ­быр тү­рі
    Жы­лу ма­ги­стра­лі­нің нө­мі­рі
    Гео­мет­ри­я­лық ұзын­дық, м
    Би­ік­тік бел­гі­сі, м
    Күр­де­лі жөн­деу кү­ні
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    8. Сумен жабдықтау
    37-кесте – Сумен жабдықтау желісі корпусының футляры
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Құ­быр ма­те­ри­а­лы
    Құ­быр диа­мет­рі, мм
    Тең­ге­рім­ге қа­был­дан­ған жы­лы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    38-кесте – Тазарту құрылыстары
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Өнім­ді­лік, м3/сағ
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    39-кесте – Сумен жабдықтау құдықтары
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Құ­дық тү­рі
    Құ­дық­тың тү­бін бел­гі­леу, м
    Өрт гид­ран­ты­ның бо­луы
    Ысыр­ма­лар са­ны
    Ысыр­ма­ны ор­на­ту жы­лы
    Тең­ге­рім­ге қа­был­дан­ған жы­лы
    Ысыр­ма диа­мет­рі
    Су ба­су
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    40-кесте – Су тарату бағандары (бағандар саны)
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    41-кесте – Сумен жабдықтау камералары
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Құ­дық тү­рі
    Те­рең­ді­гі, м
    Ара­жа­бын тақ­та­сы үсті­нің би­ік­ті­гі, м
    Ысыр­ма­лар са­ны
    Ысыр­ма­лар са­ны
    Ысыр­ма­ны ор­на­ту
    Ысыр­ма диа­мет­рі, мм
    Су ба­су
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    42-кесте –Резервуарлар
    Орналасқан жері
    Резервуарлар саны
    Көлемі, м3/сағ
    Теңгерімге қабылданған жылы
    Меншік иесі, теңгерім ұстаушы
    Пайдалануға берілген күні
    Координаттар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    43-кесте – Сумен жабдықтау сорғы станциялары
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Жет­кі­зу құ­быр­ла­ры­ның са­ны
    Бұ­ру құ­быр­ла­ры­ның са­ны
    Жет­кі­зу құ­бы­ры
    Бұ­ру құ­бы­ры
    Кө­те­ру нө­мі­рі
    Жо­ба­лық өнім­ді­лік, м3/сағ, м3/тәул
    Жағ­дайы
    Ор­на­ты­л­ған сор­ғы­лар са­ны
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    43-кестенің жалғасы
    Сор­ғы тү­рі
    Жұ­мыс сор­ғы­сы­ның мар­ка­сы
    Ре­зерв­тік сор­ғы мар­ка­сы
    Тең­ге­рім­ге қа­был­дан­ған жы­лы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Заң­ды тұ­лға­лар, те­ле­фон нө­мір­ле­рі­нің са­ны.
    Же­ке тұ­лға­лар, те­ле­фон нө­мір­ле­рі­нің са­ны.
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    44-кесте – Сумен жабдықтау құбырлары
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Тө­сеу әді­сі
    Құ­быр тү­рі
    Құ­быр ма­те­ри­а­лы
    Құ­быр диа­мет­рі, мм
    Құ­быр­дың ұзынды­ғы, м
    Объ­ек­ті­нің жа­тыс те­рең­ді­гі, м
    Күр­де­лі жөн­деу жы­лы
    Тең­ге­рім­ге қа­был­дан­ған жы­лы
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    45-кесте – Су мұнаралары (су мұнараларының саны)
    Ор­на­лас­қан же­рі
    Тең­ге­рім­ге қа­был­дан­ған жы­лы
    Кө­ле­мі, м3/сағ
    Би­ік­ті­гі, м
    Жағ­дайы
    Мен­шік ие­сі, тең­ге­рім ұста­у­шы
    Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
    Ко­ор­ди­нат­тар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    46-кесте – Сумен жабдықтау желілерінің люгі (резервуарлар мен павильондар)
    Резервуарлар мен павильондар саны
    Орналасқан жері
    Жағдайы
    Меншік иесі, теңгерім ұстаушы
    Пайдалануға берілген күні
    Координаттар, Х,У
    1
    2
    3
    4
    5
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    Вт Ватт;
    Гкал/сағ.– сағатына Гига калория (сағатына 109 калория);
    кВА – кило Вольт (103 Вольт);
    л – литр;
    м3/ч – сағатына текше метр;
    м3/сут- тәулігіне текше метр (тәулігіне 103 метр);
    М - метр;
    МПа - Мега Паскаль (106 Паскаль);
    мм – миллиметр (10-3 метр);
    С0 – Цельсий;
    с/т -сағатына тонна.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.