Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 ақпан 2016 ж.

    Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақастан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Қарабұтақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қарабұтақ селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесідей өзгерістер енгізілсін:

    1) Қарабұтақ селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2008 жылғы 23 маусымдағы № 4 «Көшелерге атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-50 болып тіркелген, 2008 жылғы 7 тамыздағы «Жаңалық жаршысы» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне:

    мемлекеттік тіліндегі деректемелері және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөзі «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.

    кіріспедегі «, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономостикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысына» деген сөздер алынып тасталсын.

    2) Қарабұтақ селолық округі әкімінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 21 «Қарабұтақ селосының көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-119 болып тіркелген, 2011 жылғы 10 қарашасында «Жаңалық жаршысы» аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:

    мемлекеттік тіліндегі деректемелеріндегі, атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық», «селосының» сөздері «ауылдық», «ауылының» сөздерімен ауыстырылсын.

    көрсетілген шешімнің 2 тармағы алынып тасталсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы

    С. Бақтыбаева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.