Абай облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Башкөл ауылының көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35–бабы 2–тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14–бабы 4) тармақшасына сәйкес, 2023 жылғы 28 наурыздағы Абай облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде және Башкөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
1. Баскөл ауылдық округінің Башкөл ауылының көшелері қайта аталсын:
«Озерная» көшесі «Ақкөл» көшесіне;
«Целинная» көшесі «Мәңгілік Ел» көшесіне;
«Паровая» көшесі «Алтай» көшесіне;
«Школьная» көшесі «Ұлы дала» көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Шешім ресми алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Баскөл ауылдық округінің әкімі
К. Бытебаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.