Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 28/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 28/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
20-тармақта 43) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«43) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»;
«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Қ. Бозымбаев
Павлодар облысы әкімдігінің 2016
жылғы « 1 » наурыздағы
№ 95/3 қаулысына қосымша
«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар (бұдан әрі – КМҚК):
1) «Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМҚК;
2) «Май орталық аудандық ауруханасы» КМҚК;
3) «Павлодар ауданының поликлиникасы» КМҚК;
4) «Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК;
5) «Ақсу туберкулезге қарсы ауруханасы» КМҚК;
6) «Екібастұз медициналық колледжі» КМҚК;
7) «Павлодар облысының паллиативтік көмек ауруханасы» КМҚК;
8) «Павлодар облыстық қан орталығы» КМҚК;
9) «Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансері» КМҚК;
10) «Павлодар облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМҚК.
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі – ШЖҚ КМК):
1) ШЖҚ «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК;
2) ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК;
3) ШЖҚ «Павлодар облыстық наркологиялық диспансері» КМК;
4) ШЖҚ «№ 1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК;
5) ШЖҚ «Павлодар облыстық тері-венерологиялық диспансері» КМК;
6) ШЖҚ «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМК;
7) ШЖҚ «Павлодар облыстық диагностикалық орталық» КМК;
8) ШЖҚ «№ 1 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК;
9) ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» КМК;
10) ШЖҚ «№ 3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК;
11) ШЖҚ «Павлодар қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасы» КМК;
12) ШЖҚ «Павлодар қаласының № 1 емханасы» КМК;
13) ШЖҚ «Павлодар қаласының № 2 емханасы» КМК;
14) ШЖҚ «Павлодар қаласының № 4 емханасы» КМК;
15) ШЖҚ «Павлодар қаласының № 5 емханасы» КМК;
16) ШЖҚ «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК;
17) ШЖҚ «Екібастұз перзентханасы» КМК;
18) ШЖҚ «Екібастұз қаласының № 1 емханасы» КМК;
19) ШЖҚ «Екібастұз қаласының № 2 емханасы» КМК;
20) ШЖҚ «Екібастұз қаласының № 3 емханасы» КМК;
21) ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы» КМК;
22) ШЖҚ «Железин орталық аудандық ауруханасы» КМК;
23) ШЖҚ «Успен орталық аудандық ауруханасы» КМК;
24) ШЖҚ «Павлодар облыстық стоматологиялық емханасы» КМК;
25) ШЖҚ «Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы» КМК;
26) ШЖҚ «Баянауыл орталық аудандық ауруханасы» КМК;
27) ШЖҚ «Ертіс орталық аудандық ауруханасы» КМК;
28) ШЖҚ «Качиры орталық аудандық ауруханасы» КМК;
29) ШЖҚ «Лебяжі орталық аудандық ауруханасы» КМК;
30) ШЖҚ «Шарбақты орталық аудандық ауруханасы» КМК;
31) ШЖҚ «Павлодар медициналық колледжі» КМК;
32) ШЖҚ «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» КМК;
33) ШЖҚ «Павлодар қаласының № 3 емханасы» КМК;
34) ШЖҚ «Екібастұз туберкулезге қарсы ауруханасы» КМК.
3. Мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі – ММ):
1) «Павлодар облыстық мамандандырылған сәбилер үйі» ММ;
2) «Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» ММ;
3) «Павлодар облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» ММ.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.