Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі Тереңкөл ауылының көшелерін қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 тамыз 2023 ж.

    Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі Тереңкөл ауылының көшелерін қайта атау туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы » Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Тереңкөл ауылдық округі Тереңкөл ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

    1. Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі Тереңкөл ауылының келесі көшелері:

    «Дружба» көшесі «Қатша Оспанова» көшесі болып;

    «Северная» көшесі «Тілектес Садықов» көшесі болып;

    «Титов» көшесі «Ілияс Жанқарин» көшесі болып қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Тереңкөл ауылдық округінің әкімі

    Р. Айтмагамбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.