«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 591-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 тамыз 2023 ж.

    «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 591-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 591-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25158 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларында:

    реттік нөмірі 1-жол келесі редакцияда жазылсын:

    1.
    Сәй­кест­ікті ба­ға­лау са­ла­сын­да­ғы ак­кре­дит­теу
    1 адам-күн
    82 189
    2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы

    А. Шаккалиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.