Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 16 тамыз 2023 ж.
Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 қазандағы № 2/49 «Тереңкөл ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тереңкөл аудандық мәслихатының «Тереңкөл ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2019 жылғы 31 қазандағы № 2/49 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6591 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Тереңкөл ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
4-тармақта оныншы абзац алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тереңкөл аудандық мәслихатының төрағасы
Р. Габидулин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.