2023–2024 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 тамыз 2023 ж.

    2023 – 2024 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Мыналар бекітілсін:

    1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2023 – 2024 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы;

    2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2023 – 2024 оқу жылына арналған орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы.

    2. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    Н.Төреғалиев

    Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

    2023 жылғы «14» тамыздағы

    №184 қаулысына 1-қосымша

    2023 – 2024 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Білім деңгейінің, мамандық және біліктілік коды
    Мамандық атауы
    Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын саны) күндізгі оқыту нысаны
    Оқу жылында бір маманды оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар, теңге
    1
    01120100
    Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
    100
    462 000
    2
    01140100
    Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі
    125
    462 000
    3
    01140500
    Дене тәрбиесі және спорт
    75
    462 000
    4
    01140600
    Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
    125
    462 000
    5
    01140700
    Информатика
    25
    462 000
    6
    02110300
    Графикалық және мультимедиялық дизайн
    25
    469 212
    7
    02120100
    Интерьер дизайны
    10
    507 408
    8
    02120200
    Киім дизайны
    10
    507 408
    9
    02140100
    Сәндік қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша)
    5
    507 408
    10
    02150100
    Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша)
    16
    507 408
    11
    02150300
    Вокалдық өнер
    3
    507 408
    12
    02150400
    Хорды дирижерлау
    6
    507 408
    13
    02150900
    Әлеуметтік-мәдени қызмет (түрлері бойынша)
    13
    507 408
    14
    02151000
    Халықтық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша)
    12
    507 408
    15
    02210100
    Исламтану
    25
    462 000
    16
    03220200
    Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану
    25
    462 000
    17
    04110100
    Есеп және аудит
    100
    469 212
    18
    04130100
    Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша)
    25
    469 212
    19
    04140100
    Маркетинг (салалар бойынша)
    20
    469 212
    20
    06120100
    Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)
    150
    469 212
    21
    06130100
    Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
    150
    469 212
    22
    07110500
    Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы
    60
    469 212
    23
    07130100
    Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)
    75
    469 212
    24
    07130200
    Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)
    100
    469 212
    25
    07130700
    Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша)
    75
    469 212
    26
    07140900
    Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
    75
    469 212
    27
    07150100
    Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)
    25
    469 212
    28
    07150300
    Токарлық іс (түрлері бойынша)
    25
    469 212
    29
    07150500
    Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)
    270
    469 212
    30
    07151100
    Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету (өнеркәсіп салалары бойынша)
    25
    469 212
    31
    07161300
    Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
    210
    469 212
    32
    07161600
    Ауыл шаруашылығын механикаландыру
    185
    469 212
    33
    07210300
    Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі
    25
    469 212
    34
    07230100
    Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
    110
    469 212
    35
    07240900
    Мұнай және газ кен орындарын пайдалану
    50
    469 212
    36
    07310300
    Жерге орналастыру
    25
    469 212
    37
    07320100
    Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану
    260
    469 212
    38
    07320600
    Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау
    50
    469 212
    39
    07320700
    Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану
    150
    469 212
    40
    07321100
    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану
    25
    469 212
    41
    07321200
    Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану
    25
    469 212
    42
    08110300
    Жеміс-көкөніс шаруашылығы
    35
    469 212
    43
    08110700
    Балық шаруашылығы
    (түрлері бойынша)
    25
    469 212
    44
    08210100
    Орман шаруашылығы
    15
    469 212
    45
    08410100
    Ветеринария
    60
    469 212
    46
    09120100
    Емдеу ісі
    100
    472 596
    47
    09130100
    Мейіргер ісі
    125
    472 596
    48
    09130200
    Акушерлік іс
    50
    472 596
    49
    09140100
    Лабораториялық диагностика
    25
    472 596
    50
    09230100
    Әлеуметтік жұмыс
    25
    469 212
    51
    10120100
    Шаштараз өнері
    50
    469 212
    52
    10130300
    Тамақтандыруды ұйымдастыру
    460
    507 408
    53
    10150100
    Туризм
    50
    469 212
    54
    10320100
    Өрт қауіпсіздігі
    25
    469 212
    55
    10410300
    Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
    25
    469 212
    Барлығы:
    3 960
    -

    Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

    2023 жылғы «14» тамыздағы

    №184 қаулысына 2-қосымша

    2023-2024 оқу жылына арналған орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Білім деңгейінің, мамандық және біліктілік коды
    Мамандық атауы
    Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын саны) күндізгі оқыту нысаны
    Оқу жылында бір маманды оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар, теңге
    1
    09130100
    Мейіргер ісі
    40
    472 596
    Барлығы:
    40
    -

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.