Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 желтоқсан 2015 ж.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

    1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 581 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10177 болып тіркелген);

    2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 581 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 358 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11717 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 4 тамызда жарияланған).

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кадр қызметі департаменті (Г.А.Омарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың көшірмесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберілуін;

    2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қаржы министрі

    Б.Сұлтанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.