Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №50/392-5с «Б» корпусындағы Шымкент қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 40-бабының 2-тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №50/392-5с «Б» корпусындағы Шымкент қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3385 нөмірімен тіркелген, «Шымкент келбеті» №45 газетінде 2015 жылдың 6 қарашасында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы
Б.Салимов
Қалалық мәслихат хатшысы
Н.Бекназаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.